Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Наурыздағы тілек
Ана тілі 2 сынып

Тақырыбы: «Наурыздағы тілек»

Мақсаты: а) Білімдік. Оқушылардың жыл - басы наурыз туралы білімдерін
кеңейте отырып, сөйлеу дағдыларын жетілдіру.
ә) Дамытушылық. Оқушылардың ақыл - ойын, шығармашылық
қабілеттерін дамыту.
б) Тәрбиелік. Өз халқын сүюге әдептілік бойына сіңірген,
шығармашылық қабілеті дамыған азамат болуға жетелеу.
Әдісі: сабақ - жауап, түсіндіру, ой - толғау
Сабақ түрі: аралас сабақ
Көрнекілігі: Слайд, тест
Пәнаралық байланыс: дүниетану, ән

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыр

2. Үй жұмысын тексеру
1. Наурыз қандай мейрам?
2. Наурыз күні қалай аталады?
3. Наурыз көже қалай жасалады? Оған нелер қосылады?

3. Жаңа сабақ: а) Сөзжұмбақты шешу
- Қандай сөз шықты? Ол жөнінде кім не айта алады?
ә) Әңгімелесу, түсіндіру. 1 слайд. Көже, бата.
Ұлыстың ұлы күні ел дастархан жайып, бірін - бірі құшақтап, құттықтайды.
Дастарханға қазақтың дәстүрлі тағамдары қойылады.
«Наурыз көжені тойып ішу керек, сонда жыл бойы тоқшылық болады» деген сенім бар. Дастархан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі.

б) Ақсақалдар қандай бата береді?
- Ұлыс оң болсын!
- Ақ мол болсын,
Қайда барса жол болсын!
Ұлыс береке берсін,
Бәле – жала жерге енсін!
- Міне, біз осындай мереке күні айтылған «Наурыздағы тілек» өлеңімен танысамыз. 2 слайд.
Күннің жады. Наурыздың бесі.
Тақырыбы: Наурыздағы тілек
Көктемнің алғашқы гүлі «Бәйшешек»

Өлеңмен таныстыру. Оқу.
Түсіндіру, сөздердің мағынасын ашу.
Бие – құлынның енесі
Алатау, Қаратау - таулар

Оқушыларға оқыту. Оқудың түрлері.
Іштей оқу
Тізбектей оқу
Бөліп оқу 3 бала

г) Тіл дамыту жұмысы
Орны ауысқан сөздер
Достар, Ұлыстың құттықтайды, күнімен, ұлы.
Достар Ұлыстың ұлы күнімен құттықтайды.
Тілек, жақсы, туған - туыстар, айтады.
Туған - туыстар жақсы тілек айтады.
Халқымыз, көшеге, көгерсін, деп, егеді, тал.
Көгерсін деп халқымыз,
Көшеге тал егеді.

Сергіту сәті.
Ән: «Көктем келеді»
Слайд. Наурыз қыз. Ысылдаған боран.
Шығармашылық жұмыс.
Мұғалім: Наурыз қыз жерді жайнатып, гүлдендіру үшін жолға шыққан.
Жолда оған боран кездесті. Наурыз қызды бораннан құтқару үшін біз тапсырма орындайық.

Шағын шығарма жазылады
Ол үшін ата - анаңа, ұстазыңа, достарыңа арнап тілек білдіріп, құттықтау хат жаз.
3 - 4 балаға оқыту
- Балалар, үлкендер сіздерге қай уақытта бата - тілек айтады?
Слайд. Қолға су құю. Кішінің үлкенге қызметі. Келін түсу т. б. Сонымен, балалар, бата - жақсы тілек екен.
Ал сіздер өздеріңіз қандай бата естіп жүрсіздер? Айта қойыңдар.
3 бала жатқа айтады.

Үйге тапсырма: Жаттау
Бағалау.
Уа, құдайым, оңдасын
Жаманшылық болмасын.
Ұлыс оң болсын!
Ақ мол болсын!
Қыдыр баба қолдасын,
Аман сақтап мал басын.
Еккен егін солмасын.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама