Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Назарбаев университеті бір студентті 87 мың долларға оқытады

Nazarbaev University бiлiм ордасында 4 жыл бойы бакалавриат бағдарламасы бойынша оқу орта есеппен 87 мың долларды құраса, магистратура – 36 мың доллар.

Бұл туралы Нұрсұлтан Назарбаев түлектердi құттықтау кезiнде айтқан деп хабарлайды bnews.kz.

«Бiз бұл университеттiң әлемдiк деңгейдегi ғылым-бiлiм орталығы ретiнде қалыптасқанын мақтан тұтамыз. Мен бұл туралы бұрыннан берi армандаған болатынмын. Университетте бiлiм студенттерге тегiн берiледi. Назарбаев университетiнде бакалавриат бағдарламасы бойынша 4 жыл бойы оқу орташа алғанда 87 мың долларды құраса, магистратура – 36 мың доллар. Бұл шығындардың барлығын мемлекет өтейдi, себебi мемлекетке кадр қажет», - дедi Қазақстан президентi.

Нұрсұлтан Назарбаев NU түлектерi Қазақстанды күрделi бәсекелестiк жағдайларда жаңа технологияларға жетелейтiн ұрпақ екендiгiне сенiм бiлдiрдi.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама