Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Неге жағымсыз адамдар табысқа жиі кенеледі

Ғалымдар жексұрын адамдардың мансап жолында неліктен табысқа жиі кенелетінін анықтапты. Шын мәнінде оның себебі қарапайым мәселеде.

Тарихта жексұрындардың, озбыр және қырсық адамдардың мансап жолында кереметтей жетістікке жеткенінен талай мысал келтіруге болады. Ойға бірінші болып келетіні -  Стив Джобс (Steve Jobs), оның жетекшілігінің кезінде Apple банкротқа ұшыраудан аман қалды және әлемдегі ең табысты компанияның статусын алды.

Джобс әріптестерімен қарым-қатынасқа түскенде озбыр, қырсық болған, олардың жұмысы туралы әділетсіз сын айтып, тиісе сөлеп, қарғыс та айтатын болған. Бірақ бұған қарамастан оның жетекшілігіндегі компания алпауыттардың біріне айналды.

Қырсық адамдар сыпайы адамдарға қарағанда ақылды, жаңашыл болуына байланысты табысқа жиі жетеді деп ойлауыңыз да мүмкін, алайда жаңа жүргізілген зерттеулер бұл теорияны жоққа шығарды.

Шын мәнінде жағымсыз адамдар өз идеяларын өзгелерге қарағанда жүзеге асырмай тынбайды екен, олар көпшіліктің қолдауын таппаса да, көпшіліктің қалыптасқан көзқарасына сәйкес келмесе де өз дегенін істейді.

Британиялық психология қоғамының ресми блогында жарияланған зерттеуде ғалымдар Сэмюэл Хантер (Samuel Hunter) және Лили Кушенберри (Lily Cushenberry) жағымды деп сипаттауға келмейтін адамдарды қасақана таңдап алған. Бұл зерттеуге ашушаң, менмен, қырсық және айналасындағыларға жаугершілікпен қарайтын адамдар кірген.

Бастапқыда жоғарғы курстардағы 200-ге жуық студент тұлғалық сипатты зерттеуге бағытталған тестілеуден өтеді. Студенттерден университетке түсер кезде тапсырған өздерінің орташа баллдары мен академиялық бағалау тестінің мәліметі сұралған. Осылайша, зерттеушілер олардың таным қабілеттері мен оқудағы жетістіктерін бағалаған.

Содан кейін әрбір студентке жеке тапсырмадан берген: олар 10 минут ішінде берілген маркетинг проблемасының шешімін ұсыну керек болған. Келесі кезеңде зерттеушілер үш студенттен топтастырып, бірлесе отырып, маркетинг жоспарын 20 минутта құруларын сұраған.

Жоспарланғандай-ақ, жеке тапсырманы орындау кезінде «жағымсыздықпен» ешқандай да мәселе туындамаған. Алайда, топтарға бөлінген кезде мінезі ауыр студенттердің идеялары топтық жоспардың негізі болған.

Тәжірибенің екінші кезеңінде зерттеушілер жағымсыз адамдардың белгілі бір өмірлік жағдаяттарға тап болғанда дискомфортты қалай сезетінін анықтағысы келеді. Бұл жолы сыналушылардың саны 300-ге жеткен, оларға университетке сыйлық ойлап табу тапсырылған. Қыздар мен жігіттерді компьютер алдында бір-бірлеп отырғызған, олар онлайн-чаттағы екі адаммен байланысқа түсуі тиіс. Тәжірибеге қатысып жатқандар чатта кіммен сөйлесіп жатқанын білмеген, ал олар зерттеушілердің тағы бір тапсырмасын орындайтын адамдар болған: сыналушылардың сыйлық таңдау туралы идеяларына құптау немесе келіспеу туралы шешімдерін айтуы керек.

Университетке беріледі деген сыйлық туралы сынақ аяқталғаннан кейін, тағы бір тапсырма жүктеледі: болашақта жатақханалардағы бөлмелердің қандай болатыны жайлы бірнеше нұсқа ұсыну. Мұнда да чаттағы екі адам ғалымдардың айтқанын орындау үшін отырғызылған. Бірақ бұл жолы олар сыналушы студенттерге өз идеяларын да айта алатын болады, бұл кері байланыс қызметін атқарды.

Бірінші тәжірибенің нәтижесі екіншісінің нәтижесімен бірдей болып шықты... Студенттер өз бетімен идея ойлап жатқанда жағымсыз мінез араласпады. Ал әңгімелесушілер өз пікірлерін айтып, сынай бастағанда, сыналушылар өз нұсқаларынан қайтпаған. 

Бұл зерттеулер бойынша, жағымсыз әрі қырсық адамдарға сын әсер етпейді, керісінше, өз дегендерінің дұрыстығына көздерін жеткізеді екен. Механизм керісінше де жұмыс істейді: жағымды адамдар жақсы бағаның берілуіне тәуелді.

Ғалымдар жүргізілген зерттеулердің бірқатар шектеуі бар екенін мойындап отыр. Біріншіден, тәжірибелерге қатысқандар университетте оқитын жас адамдар, сондықтан бұл нәтижелер халыққа жалпылай қатысты бола алмайды. Екіншіден, жағымсыз мінез ұзақмерзімді жоспарда пайдалы ма, жоқ па – ол да белгісіз. Тіпті айналасындағы адамдарда қырсықтар мен олардың идеясына деген қарсылық оянуы мүмкін.

Сонда шығатыны, жағымсыз адамдар ақылдырақ немесе шығармашылыққа бейім деуге келмейді, мұнда басқа мәселе маңыздырақ: олар өздерінің идеясынан жағымсыз сын айтылғаннан кейін де бас тарта алады. Олардың алар асуы алда. Табысқа кенелу үшін зұлым ақылгөй болудың қажеті шамалы, бастысы өз тарапыңызға айтылған ауыр сыннан кейін мысыңыз басылмауы керек. Дегеніңізден қайтпай, өзіңізге, күш-қуатыңызға сенсеңіз жеткілікті.

Шындық келесідей: қатал адамдар бәсекелес ортаға тез бейімделеді, ал сезімге ерік беретіндер әрқашан шегінушілігімен әрі әдептілігімен артта қалып қояды.

 

PS: Біз сізді тиран болсын демейміз, бірақ сәл де болса өз-өзіңізге сенімді болғаныңызды қалаймыз. ;)


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама