Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Негізгі және туынды сын есім
Сабақ тақырыбы: Негізгі және туынды сын есім
Сабақ мақсаты: Оқушыларға сын есім туралы білім бере отырып, сөйлем ішінен сын есімді тауып, сонымен қатар кішіпейілдікке, адамгершілікке, ұстамдылыққа баулу, ақыл-ой логикалық ойлау жүйесін дамытып, сөздік қорын дамыту.
Сабақ көрнекілігі: мазмұнды суреттер, кесте , тест жинақтары , интерактивті тақта, слайдтар.
Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі
2.Үй жұмысын тексеру.

3.Өткенді пысықтау. Кубизм әдісі:
1.Сын есім дегеніміз не?
2.Қандай түрлерін білесің?
3.Негізгі сын есім дегеніміз не?
4.Туынды сын есім дегеніміз не?
5.Сөйлем ойла .

4.Интерактивті тақтамен жұмыс:
- Тақтадан ненің суретін көрдіңдер? (Алма)
Алмаға сипаттама берейік:
Түсі:
Көлемі:
Пішіні:
Сапасы:

5. Оқулықпен жұмыс 14-жаттығу (Өздік жұмыс)

6. Кесте бойынша жұмыс:
Заттың түсі Заттың көлемі Заттың сапасы Заттың дәмі Заттың пішіні

7.Сурет бойынша әңгіме.(Интерактивті тақтамен жұмыс)
Тапсырма: Құраған мәтіннен сын есімді табу.

8. Жатқа жазу: Күмбірлеген әні бар,
Желкілдеген жалы бар.
Желдей жүйрік құлыншақ
Желмен шапқан жануар
Тапсырма: «Құлыншақ» сөзіне дыбыстық талдау жасау.

9.Мәтін бойынша жұмыс:
1-қатар: сөз таптарына
2-қатар: сөз құрамына
3-қатар: сөйлем мүшесіне

10. Оқулықпен жұмыс: 16-жаттығу (Өздік жұмыс)
11. Танымдық тапсырма: (Абайдың «Жаз» «Күз» «Қыс» өлеңдерінен сын есімді табу)
12.Сабақты кесте бойынша қорыту:
Білемін Не үйрендім?

13.Бағалау.
14.Үйге тапсырма: «Менің сыныбым» тақырыбына мәтін құрап, сын есімдердің астын сызу.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама