Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Нейрондардың құрылысы мен қызметі
IХ бөлім. Координация және реттелу
Биология 7 сынып
Сабақтың тақырыбы: Нейрондардың құрылысы мен қызметі
Сабаққа негізделген оқу мақсаты: • жүйке жүйесінің қызметін;
• жүйке ұлпаларының құрылысын және қызметін біледі;
• нейрондардың құрылысымен танысады.
Барлық оқушылар:
• жүйке жүйесінің қызметін біледі;
Оқушылардың басым бөлігі:
• Жүйке ұлпаларының құрылысын және қызметін біледі
Кейбір оқушылар:
• Нейрондардың құрылысын талдай алады және қызметіне баға береді
Бағалау критерийлері: • Жүйке жүйесінің қызметін біледі
• Жүйке ұлпаларының құрылысын және қызметін біледі
• Нейрондардың құрылысын талдай алады және қызметіне баға береді
Тілдік мақсат: • Сабақ барысында пән мазмұнының ұғымдарын қолдануға қажетті айтылым - жызылымға сәйкес жұмыс тілі қалыптастырылады (мысалы, топтық жұмыстар, сұрақты дұрыс қоя білу, жағдайды талдау және пікірталас жүргізу үшін қажетті сөздер).
Негізгі сөздер мен тіркестер:
Нейрон, аксон, дендрит, ақ зат, сұр зат, нейроглия, өткізгіштік
Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:
Талқылауға арналған тармақтар:
• Жүйке ұлпаларының құрылысын және қызметін, нейрондардың құрылысын, қызметін және маңызын талқылау
Сіз неліктен... екенін айта аласыз ба?
Нейрондардың құрылысын, қызметіне және маңызын айта аласыз ба?
Жазылым бойынша ұсыныстар:
Нейрон, аксон, дендрит, ақ зат, сұр зат, нейроглия, өткізгіштік
Жүйке жүйесінің типтері туралы білімге ие
Басталуы
Ұйымдастыру. Психологиялық ахуал.
Сыныпты «Нейрон», «Ақсон», «Дендрит» топтарына бөлу топ атына байланысты топтар өз ойларын айтады.

Ортасы
1. Оқулықпен жұмыс
2. Сурет бойынша нейронның құрылысын талдау
3. Нейронның, нейроглияның қызметі мен маңызына сипаттама жасау
Аяқталуы Тапсырма
1. Жүйке жүйесінің құрылымдық бірлігін анықтаңыз.
A аксон
B дендрит
C нейрон
D нейроглия
2. Жүйке жүйесінің қызметін таңдаңыз
A бөліп шығару
B жиырылу
C қозу
D қоректену
3. (а) Жүйке жасушасының құрылымдарын атаңыз

Дескриптор Білім алушы
- жүйке жүйесінің құрылымдық компоненттерін анықтайды;
- жүйке жүйесінің қызметін атайды;
- жүйке жасушасының құрылысының атқаратын қызметімен байланысын сипаттайды

Сөйлемді аяқта
Нейрон....
Нейроглия....
Аксон....
Дендрит....
Ақ зат.....
Сұр зат.....

Қосымша ақпарат.
Жүйке жасушалары (нервные клетки, нейроны, нейроциты); (гр. neuronum, neurocytus; neuron — жүйке, kytos - жасуша) — жүйке ұлпасының негізгі морфологиялық және қызметтік құрылымдық бөлігі.
Жүйке жасушалары (нейроциттер) — өсінділі жасушалар. Олар нейролеммадан (плазмолемма), нейроплазмадан (цитоплазма), ядродан және жасуша денесінен (перикарион) таралатын өсінділерден құралған. Жүйке жасушаларының нейроплазмасында базофильді түйіршіктер (хроматофильді зат) және нейрофибриллалар болады.
Жүйке жасушаларының өсінділері қызметіне байланысты: дендрит және аксон (нейрит) болып екіге бөлінеді. Нейроциттер дендриттері қозуды сыртқы орта немесе организмнің ішкі орта әсерлерінен, басқа нейроциттерден қабылдап, жүйке толқындарын (импульстерін) нейроцит денесіне, ал аксон — жүйке толқынын нейроцит перикарионынан басқа нейроциттерге немесе орындаушы мүшелерге өткізеді.
Өсінділерінің санына байланысты жүйке жасушалары: бірөсінділі (униполярлы), жалған бірөсінділі (псевдоуниполярлы), екіөсінділі (биполярлы) және көпөсінділі (мультиполярлы) болып бірнеше топқа ажыратылады.

Мектеп: С. Нұрниязұлы атындағы мектеп - интернат
Пән мұғалімі: Бердиханова М. Т.

Нейрондардың құрылысы мен қызметі. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама