Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 апта бұрын)
Нығмет Ғабдуллин. Дос сөзі
Бейнеу ауданы Ж. Қалдығараев атындағы
орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Сағындықова Ботагөз

Ашық сабақ
Ана тілі пәнінен.
Тақырыбы: Н. Ғабдуллин. Дос сөзі.
Мақсаты: 1. Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу.
2. Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыру, ойлау жүйесін жетілдіру.
3. Адамға мінездеме бере отырып, адамгершілік қасиеттерді тани білуге, оларды өз бойларынан табуға ұмтылу.
Көрнекілігі: Ребус, венн диаграммасы, хронологиялық таблица, карточкалар.
Әдіс – тәсілі: Сұрақ – жауап, талдау, түсіндіру, топпен жұмыс, жеке оқушымен жұмыс, сахналау көрінісі.
Пәнаралық байланыс: Қазақ тілі, музыка.

Сабақтың жүрісі.
1. Ұйымдастыру бөлімі.
а) Оқушыларды түгендеу.
ә) Оқушылардың сабаққа зейінін аудару.
б) Қазір қандай сабақ болады? (Ана тілі)

2. Үй тапсырмасын бекіту. Т. Айбергенов. Өсіп келе жатырмын.
- Балалар, үйге қандай тапсырма беріліп еді?
- Дайындалып келдік пе?
- Өлеңді жатқа сұрау.
- Сұрақ – жауаппен қорытындылау.
1. Өлеңнің авторы кім?
2. Балалар, сіздер жылдан – жылға есейіп өсіп келе жатырсыңдар. Өскенде кім болғы -
ларың келеді? (Оқушылар ойын тыңдау)
- Жақсы оқушылар үйге берілген тапсырмаға барлығымыз да дайындалып келген екенбіз. Әрі қарай жаңа сабақты жалғастырайық.

3. Жаңа сабақ. Н. Ғабдуллин. Дос сөзі.
а) Жаңа тақырыпты ашу мақсатымен ребус шешу.
Оқушыларға шешкізіп, дәлелдету.
- Иә, бұл ребустан «Дос» сөзі шығады екен.
- Балалар бәріміздің досымыз бар ма?
- Олай болса, бүгінгі өтетін тақырыбымыз Нығмет Ғабдуллин ағамыздың «Дос сөзі» атты әңгімесімен танысамыз.

ә) Әңгіме авторы туралы түсінік беру.

б) Дәптермен жұмыс.
- Дәптерлерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын, тақырыпты жазайық.
Күннің жады
Тақырып: Нығмет Ғабдуллин. Дос сөзі.
Нығмет Ғабдуллин 1927 жылы Көкшетау өңірінде туған. Ол қазақ жазушысы, әдебиетші.

б) Хронологиялық таблицамен жұмыс.
- Ойлайықшы балалар, дос қандай болу керек? (Оқушыларға толтырту

- Дұрыс айтасыңдар, дос шыншыл, адал, мейірімді болу керек.
Олай болса, бүгінгі әңгімеміз не туралы екенін тыңдайық.
г) Оқулықпен жұмыс. (Әңгімені төрт оқушыға оқыту.)

ғ) Сұрақ – жауап алу.
- Ал балалар, мәтін не туралы екенін түсіндік пе?
- Әсет пен Нұрлан кім екен?
- Қандай дос еді?
- Нұрлан Әсетті неге сынады?
- Әсет Нұрлан сынағын қалай қабылдады?
- Әсет өз кінәсін мойнына алды ма?
- Әсет Нұрланнан қалай өш алмақ болды?

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама