Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Нөмірленген және маркерленген тізім. Баған
Сабақтың тақырыбы: Нөмірленген және маркерленген тізім. Баған.
Сабақтың мақсаты:
• оқушыларға тізім, баған дегеннің не екенін ұғындыру
• мәтіндік редактордағы тізімнің түрлерімен таныстыру
• мәтіндік редакторда тізіммен, бағанмен жұмыс істеу жолдарын үйрету
Сабақтың типі: практикум элементтері бар түсіндірмелі – көрнекілікті
Көрнекілігі: компьютер кешені, презентация «Word редакторының пішімдеу батырмаларының қызметі»
Білім мен біліктілік дағдыларына қойылатын талаптар:
оқушы білуі тиіс:
• тізім, баған дегеннің не екенін;
• тізім мен бағанның түрлерін;
• тізім мен баған қоюдың қарапайым жолдарын;
• мәтінді тізімге айналдыру;
• тізімді пішімдеуді;
• баған түрлерін орнатуды;
оқушы меңгеруі тиіс:
• тізім мен баған түрлерін;
• қарапайым тізім түрлерін орнатуды;
• баған қоюды;
• мәтінді тізім мен бағанға орнатуды;

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
Балалар! Біз өткен сабақтарда Microsoft Office – 2013 пакеті құрамындағы Microsoft Word - мәтіндік редакторымен танысуды бастап, ол қандай программа, не үшін арналған, оны қалай қосамыз, оның терезесі құрылымымен, онда құжат құру және оны сақтау жолдарын үйрендік.

Олай болса, бүгінгі жаңа сабаққа көшпес бұрын сол өтілген сабақтардағы негізгі түсініктерге тоқталып өтейік, қаншалықты есте қалды екен.
Тест орындау / презентацияда орындалады/
Презентация арқылы өтілген материалдарды қайталап өтеміз.
Ал, балалар, өткен сабақтардағы үйренген білімдерімізді практика жүзінде қаншалықты іске асыра алады екенбіз, тексеріп көрелік. Олай болса компьютермен жұмыс жасаймыз:

Жұмыс үстелінен « информатика - 6 кл» папкадан практика - 1

1. Ақпаратты сақтап, таратқан,
Жұртты өзіне қаратқан.

2. Батырмасын басасың,
Қажет файлды ашасың.

3. Тетігін бассаң алаңсыз,
Жазады қағаз қаламсыз.

4. Экранның бетінде оның тұрағы,
Қашан болсын жыпылықтап тұрады.

Берілген жұмбақтарды мына үлгіде пішімдеп көрсетіңдер:
1 – жұмбақ: Arial, 20,,,.
2 - жұмбақ: Verdana, 18,,,
3 - жұмбақ: Times New Roman, 26,,,
4 – жұмбақ: Tahoma, 36,,,

Жарайсыңдар балалар! Word редакторында мәтінді пішімдеуді біраз үйреніп қалыпсыңдар!
Ал, бүгінгі сабақта біздер мәтінді пішімдеуді жалғастырамыз.
Сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбы:
Нөмірленген және маркерленген тізімдер. Бағандар
Тізім деген қандайда бір шамалардың реттелген жинағы. Тізім тұрмыста көп әрекеттерде қолданылады: оқушылар тізімі, қоймаға келіп түскен тауардың тізім, олимпиадаға іріктеу сынынан өткен спортсмендер тізімі, кабинеттегі техника қауіпсіздігін сақтау әрекеттері, құрамында А витамині көп жемістер тізімі...

Word редакторында тізімді жазудың үш түрі бар: нөмірленген, маркерленген, көпдеңгейлі
Мысалы:
Нөмірлеген тізім:
Компьютермен жұмыс барысында қөзді шаршатпау үшін мына талаптарды орындау керек:
1. Мониторға дейінгі арақашықтық 55 – 65см – ден кем болмауы керек.
2. Компьютер алдындағы жұмыс 25 минуттан аспау керек
3. Экранның ортасына тура қарау керек
4. Жиі – жиі көз, мойын, арқа үшін арнайы белгіленген жаттығулар жасап отыру керек
5. Дәрігер көзілдірік киюге кеңес берген оқушылар міндетті түрде көзілдірік киіп отыру керек
Сынақтан өткен оқушылар:
--------------------------
Маркерленген тізім:

Бейнелеу тәсілдері бойынша ақпарат түрлері:
• Сандық
• Мәтіндік
• Графикалық
• Дыбыстық
• Бейне

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама