Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Нүктелі үтір
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Қазақ тілі 9 сынып
Сабақтың тақырыбы: Нүктелі үтір
Мақсаты: Нүктелі үтірдің қойылу орындарын меңгереді. Өзіндік ой - пікір айта білуге дағдыланады. Шығармашылық қабілеттерін дамытады.
Басқалардың және өз пікірін сыни тұрғыда бағалайды. Адамға тән қасиеттерді бойына сіңіреді. Шығармашалық қабілеттері байқалады. Топта бірлесе жұмыс жасайды.
Сабақ түрі: Жаңа сабақты меңгеру
Құрал жабдықтар: Сурет салатын қағаз, фломастер, мәтіндер жазылған қағаз
Әдіс - тәсілдері: «Сыныптағы заттар»,»Қабырғадағы сұрақ», «Тұжырымдамалық карта», «Көрме», «Бес саусақты эссе», «Тоғысқан пікірталас», «Ақпараттық кеш»

Білу
1. Сәлемдесу. «Сыныптағы заттар» ойыны арқылы жағымды психологиялық ахуал орнату.

Мақсаты: Оқушыларды әсемдікке бағыттау, сабаққа деген қызығушылығын арттыру.
2. «Өз жұбыңды тап!» ойыны арқылы топқа бөлу:
Ертең ел жайлауға көшеді. /нүкте/
2. Есен – саумысың? / сұраулы/
3. Қош келдің, ағатай! /леп/
4. Тақыр жерге су төксең, тайғақ болар Жаманға сырыңды айтсаң, тар жерде айғақ болар /нүктелі үтір\
1. Баланың добы далада қалды /Нүкте/
2. Мал - жан аман ба /сұраулы/
3. Алақай, әжем келді /лепті\
4. Құбылып Бурыл гуледі Тау мен тасты өрледі Төрт аяқты сермеді / нүктелі үтір/
- Қандай тыныс белгісімен сендер таныс емессіңдер?
- Ендеше бүгінгі біздің тақырыбымыз қандай?
- Сабаққа қандай мақсат қоямыз?

Жаңа тақырып
Нүктелі үтір
Цифр немесе әріптер арқылы санамаланып айтылған сөйлемдерден кейін нүкте, нүктелі үтір, кейде үтір қойылады. Санамалап айтылған бірыңғай сөйлемдердің әрқайсысынан кейін нүкте қойылса, әрқайсысы бас әріптен басталып жазылады. Мысалы: Барлық сілтілердің төмендегідей ортақ. химиялық қасиеттері болады: 1) Олардың концентрациялы ерітіндісі жануарлар мен өсімдіктер тканін бұзады. 2) Сілтілер майларды сабынға айналдырады. 3) Сілтілер ертінділерінде лакмустың және фенолфталеиннің түсі өзгереді (“Химия” оқулығынан). Санамалап айтылған бірыңғай құрылымдардың (конструкциялардың) арасына нүктелі үтір (немесе үтір) қойылса, олардың әрқайсысы кіші әріптен басталып жазылады. Мысалы: Жалпы жанрлар теориясынан фольклорлық проза жанрлары теориясын бөліп алатын болсақ, оның мынадай басты - басты (түбегейлі) міндеттерін атап көрсетуге болады. Олар: а) прозалық фольклорды басқа қара сөздерден, күнделікті жай әңгіме және әдеби көркем прозадан ажыратудың ғылыми негізделген критерийлерін анықтау; ә) прозалық фольклордың өлең үлгісіндегі фольклордан айырмасын белгілеу; б) халық прозасының өз ішіндегі жанрлық топтар мен бөлшектерді айырудың принциптерін айқындау (С. Қасқабасов). Санамаланып келетін конструкциялар бір - бірінен әріптер немесе цифрлар арқылы дараланып көрсетілмеуі де мүмкін. Мысалы: Шешім (орысша развязка) – шығарма сюжетінің де шешуші кезеңдерінің бірі; суреткердің өзі суреттеп отырған өмір шындығына шығарған “үкімі”; адамдар арасындағы қарама - қарсы тайталастардың, күрделі күрестердің бітуі; түрліше тағдырлар тартысынан туған нақты нәтиже; оқиғаға қатысушылардың ең ақырғы хал - күйі; күллі құбылыс - көріністердің соңғы сахнасы (З. Қабдолов). Практикада санамалап айтылған құрылымдардың араларына нүктелі үтір қойылып, келесілері бас әріптен басталып жазылатындары да болады. Санамаланып айтылған конструкциялардың алдында қос нүкте тұрса, одан кейінгі сөйлем екі түрлі басталады: егер араларына нүктелі үтір (немесе үтір) қойылып, әрқайсысы кіші әріптен басталатын болса, біріншісі де кіші әріптен басталады, ал араларына нүкте (кейде нүктелі үтір) қойылып, әрқайсысы бас әріптен басталатын болса, біріншісі де бас әріптен басталады (жоғарыдағы мысалдарды қараңыз). § 4. Мазмұны әуендес болып келетін бірыңғай сөйлемдердің әрқайсысынан кейін нүктелі үтір қойылады: 1) Біз Алатаудай ел едік, – Теңемек болды ойға жау; 2) Біз тасыған теңіз сел едік,– Теңемек болды шөлге жау; 3) Біз атып болған таң едік, – Түн етпекші болды жау; 4) Біз әлемге жарық күн едік, – Өшірмекші болды жау. Жау ма бізді бөгейтін?! Жау ма бізді жеңетін?! (Жамбыл) Рәбиға Сыздық. Қазақ тілінің анықтағышы
Нүктелі үтір жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама