Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
О дыбысы және әрпі
Сауат ашу (1 сынып)
Сабақтың тақырыбы: О дыбысы және әрпі

Сабақтың мақсаттары
1. Білімділік О әрпі және дыбысы туралы жалпы түсініктерін пысықтау. Оған мысалдар келтіру, талдау.
2. Дамытушылық Оқушылардың сөздік қорларын молайту, қызығушылығын
ойлауын, белсенділігін арттыру.
3. Тәрбиелік Белсенділікке, ұқыптылыққа, талдай білуге және о дыбысының сөздің басында, ортасында, аяғында келетінін байқату, мысалдар келтіру

Сабақта қолданылатын әдіс – тәсілдер: Сұрақ – жауап, көрнекілікті, іздендіру, әңгімелеу, ойлау, ойнау, т. б
Көрнекіліктер: суреттер, үлестірмелі суреттер, тапсырмалар.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, бейнелеу өнері.

Сабақтың барысы: I Ұйымдастыру кезеңі
1. Оқушылармен амандасу, түгелдеу, дайындықтарын тексеру, Сабаққа назарларын аудару
а/. Оқушыларды топтастыру
Дөгелек, сақина, жұмыртқа суреттерімен топтастыру.

1 топ – Дөңгелек
О о – кәдімгі дөңгелек
Кетпесін ол дөңгелеп

2 - топ Сақина
Сақинаға қарайық
Ұқсайды оған қай әріп?

3 топ – Жұмыртқа
Жұмыртқа бұл өтімді
Балапан боп жетілді
Көздің нұрын жаулайды,
«О» әрпінен аумайды.

2. «Сақ бол, ойыңа сақта» ойынын ойнату Мұғалім тақпақты айтады. Әр топ жаттап алып қайталайды. әрбір дұрыс жауаптарға жетондар беріліп, сабақ соңында санап, бағаланады.

3. Оқулықпен жұмыс а/ Сөздерге дыбыстық талдау жасау
ә/ Сурет бойынша әңгімелеу
б/ Тірек сызбамен сөйлемдер құрау

4. Жаңылтпаш жарысы. Ошақта от жақ,
Шақтап, от жақ

Он қап, он қапты қақ,
Он қапты қақ та, қапта.
5. Баспалдақ құрастыру

О _ (Оқ)
О _ _ (Оқу)
О _ _ _ (Ойын)
О _ _ _ _ (Орман)

ІІІ Дәптермен жұмыс
Дәптердегі таңбалардың салынуын түсіндіру

6. Сиқырлы буындар ойыны
-------→- на
Ой ---→ ла
-------→ мақ

-------→ у
Оқ ---→ шы
-------→ы

7. Тірек сызба бойынша сөйлемдер ойлап айту
ІV Бекіту
а/ Жетондарды санап, жеңген топты табу. Мадақтап, марапаттау, Бағалау.
б/ Сұрақ жауап арқылы түсінгендерін тексеру, қайталау, пысықтау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама