Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
О дыбысы мен әріпі
О дыбысы
Сауат ашу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
1. 2. 9. 1 Әріпті тану, ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру
1. 1. 7. 1 Тыңдалған мәтінге өз көзқарасын жай сөйлеммен білдіру
1. 1. 9. 3 сөздің буыннан тұратынын түсіну және сөздегі буын санын анықтау
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: О әрпімен оқушыларды танысады.
Көптеген оқушылар: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады.
Жетістік критерийлері: Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
Тілдік мақсаттар:
О дыбысы мен әрпі.
Құндылықтарды дарыту
Оқушыларды бір - біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
Пәнаралық байланыстар: Өнер, әдебиеттік оқу сабағы
АКТ қолдану дағдылары: Аудиожазба, таныстырылым, слайд

Психологиялық тренинг
Біз балдырған баламыз,
Құстай қанат қағамыз.
Дүниені аралап,
Оқып білім аламыз.
Көзді салып қараңыз,
Былай қанат қағамыз.
/Б. Бөрiбаев/
– Балалар, бір - біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!

Сабақтың басы Сұрақ - жауап (ұжымдық)
1. Дыбыс дегеніміз не? /айтамыз, естиміз/
2. Әріп дегеніміз не? /жазамыз, көреміз/
3. Дыбыстар нешеге бөлінеді? /екіге: дауысты, дауыссыз/
Топпен жұмыс
«Әріптер сөйлейді»

Қызығушылығын ояту

Сурет сыры
(орамал, ошақ, оқтау)

Жұмбақты шешу
1. «Оюда» бармын,
«Допта» бармын,
«Түнде» жоқпын.
Мен сонда қандай дыбыспын? (О)
2. Сақинаға қарайық,
Ұқсайды оған қай әріп? (О)
Оқушылар О - О - О. «О» дыбысын 3 рет хормен қайталап айтқызу.
- «О» қандай дыбыс?
О бұл - дауысты дыбыс, жуан айтылады. Себебі, бұл дыбысты айтқанда өкпеден шыққан ауа ауыз қуысында ешбір кедергіге ұшырамай, ауа еркін шығады
О дыбысына байланысты сөз ойлайықшы

Сабақтың ортасы

№1 Тыңдалым.
- Балалар кешірім сұрау үшін қандай сөздер қолданады?
- Арал мен Оралдың мұндай іс - әрекеттеріне қалай қарайсыздар?

Сергіту сәті
1 минут Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Алақанды ашамыз,
Бесті беске қосамыз
Кел, санайық ал мұны,
Нешеу болды барлығы?
Оң қолымда – бес саусақ,
Сол қолымда – бес саусақ.
Жасырып ем бесеуін,
Қалды мұнда нешеуі?
Бесеу екен қалдығы.
Нешеу болды барлығы?

Аяқталуы

№3 Сыныптасыңмен ізденуді ұйымдастыр.
Олар.........................
Олар.....................

Сабақтың соңы
Рефлексия
- Бүгін біз не үйрендік? (Бүгін біз О дыбысы және әрпімен танысып, жазуды үйрендік)
Сабақты қорытындылау кезеңінде білім ағашына сабақтан алған әсерлерін стикерлерімізді жапсыру арқылы көрсетеді.

Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Кемерши селосы, Қ. Жазықов атындағы орта мектеп
Бастауыш сынып мұғалімі: Нәзгүл Мұстафа Қабижанқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама