Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Өкпешіл көжек

Қоян көжектеріне көп сәбіз әкеліп, бір-бірден бөліп береді.

Ең кенжесі сұр көжек:

— Маған қотыр сәбіз бердің, жемеймін, — деп ұртын ұртитады. Жуантық түп жағында бұршақтың үлкендігіндей ғана екі-үш бүртігі бар сәбізді басқа бір көжек қағып алады да, бір-ақ асайды. Сұр көжек аш қалады.

Қоян оған:

— Солай, балам... «Өкпелеген үлесінен құр қалады», — дейді.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама