Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Олақ қыз. Ісмер қыз
Әдебиеттік оқу 2 сынып
Сабақтың тақырыбы: Олақ қыз. Ісмер қыз.
Сабақтың мақсаты:
1. Білімділік: Берілген өлең мен мәтіннің мазмұнын терең меңгерту, адамның бойындағы қасиеттердің өмірдегі көріністерін байқату.
2. Дамытушылық: Оқушылардың өзін – өзі ұстай білу, тыңдай білу мәдениеті, мәнерлеп оқу техникасын жетілдіру.
3. Тәрбиелік: Шығармашылық дағдыларын дамыту, өнер - білімді үлгі ретінде ұстануға бағыттау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, слайд, суреттер
Сабақтың барысы:

І. Қызығушылықты ояту.
Мұғалім сөзі: Балалар, мен сендерді бүгінгі сабақта көргеніме қуаныштымын. Сендердің күлімдеген жүздеріңді көріп сүйсініп тұрмын. Бүгін біздің сабағымыз аптаның сәтті күнінде яғни, қасиетті жұма күні өтіп жатыр. Сондықтан сабағымыз сәтті өтсін деп тілейік. Мен барлығыңды жылулық шеңбері – шаттық шеңберіне шақырамын.
Шаттық шеңбері
Оқушылар мұғаліммен бірге шеңбер құрып тұрады, сәлемдеседі, бүгінгі күнге тілек айтып, А. Меңжанованың «Болайықшы осындай» әнін орындайды.
Жақсы бала еңбекшіл Таза бала мұнтаздай,
Ер азамат болады. Сүйсінеді қараған
Қиындықты жеңіп кіл, Ұқыпты деп бұл қандай
Құшағы гүлге толады. Жақсы көрер бар адам.
Қайырмасы: Еңбекшіл досым – ай,
Болайықшы осындай.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.
«Қамқорлық» сөзін топтастыру.
Оқушылардың әңгімелерін тыңдау
Өлеңді мәнеріне келтіре оқып беру.
Шеберін – ай аяздың!
Шеберін - ай аяздың.
Әйнектерді қағаз ғып,
Әшекейлеп қойыпты,
Бірнеше ою ойыпты.
Жапырақтың, гүлдердің
Сан алуан түрлерін,
Өркештерін өр таудың,
Мүйіздерін арқардың -
Бәрін, бәрін анық қып,
Айнытпай – ақ салыпты
Суреттерді әр үйге, әйнектердің бәріне
Түнде де салып береді,
Көзі қалай көреді?
- Өлеңдегі шебер не?
- Оның өрнектерінде не бейнеленген?
- Балалар сендер осы аяз сияқты ісмер, шебер болғыларың келе ме?
Ине. Жіп. Қайшы. Қылқалам. туралы тапсырмалар беру.

ІІ. Мағынаны тану
- Балалар, өлеңде оқыған аязымыз өте шебер болса, біз енді «Олақ қызбен» танысамыз.
- Қыздың шешесі туралы не айтар едіңдер?
- Қыздың шешесі неге намыстанды?
- Ал балалар, «Ісмер қыз» өлеңін оқып көрейік.
Кейіпкер Ол қандай? Оған не айтасың?
(тілегің, сұрағың т. б)
Аяз
Олақ қыз
Айжан
Өзіме үлгі болған ісмер

ІІІ. Ойтолғау.
- Осы үш кейіпкердің қайсысы қызық, ұнамды бейнеленгенін айт.

Сергіту сәті:
Мен неге өйттім?
Кім айтар себебін?
Шаршадым: - Уһ! дедім
Ренжідім: - Туһ! дедім
Қорықтым: - Ой! дедім
Өкіндім - Ах! дедім
Шарасыз - Ех! дедім
Таңырқап - О! дедім
Кейідім - И! дедім
Біліп ап - Е! дедім

Дәптермен жұмыс
1. Олақтықтың адамға қандай зияндары болатынын жаз.
2. Мәтіндегі оқиға мазмұның ретін көрсет.
- Олақтық
- Байдың қызы
- Ана тәрбиесі
Ісмерлікке қалай үйренуге болады? Олақтық қалай пайда болады?
Мозаика құрастыру. Әркім өз сән үлгісін құрастырады.

Мына мақал - мәтелдердің жалғасын тап.
1. Еңбек түбі........
2. Жақсы болсаң - озарсың,
Жаман болсаң........
3. Өнер алды -......
4. Еңбек етсең ерінбей
Тояды.......
5. Бірлік болмай,....
6. Жалқаудың жаны тәтті,
Еңбектің.....

Қорытындылау
Балалар, осымен сабағымызды қорытындылайтын кезде келді. Ендеше, біз «Еңбекқорлар еліне» барып, саяхат жасап қайтайық. Ол үшін «Біз не үйрендік? Не білдік?» деген сұрақтарға жауап береміз. Әрбірдұрысжауапбергеноқушыәртүрлісуреттерменеңбекқорларелінбезендіреді.
Жүректен – жүрекке
Сабақ қасиетті жұма күні өтіп отырғандықтан енді осы ырымды жалғастырып, кішкене жүрекшелерге жылы сөз жазып, бір – біріне тілек тілейік.
Мысалы:
- Бауыржан, еңбегің жемісті болсын!
- Мерей, еңбек етсең емерсің деген. Осыны есіңе сақта.
- Фарида, сүйіп істеген іс шаршатпайды. Сондықтан өзіңе ұнайтын істерің көп болсын.
- Мақсат, өмірдегі тірегің еңбек болсын,
«Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап», - деп ұлы Абай атамыз айтқандай ешқашан жалқау болмайық!
Жүректен – жүрекке осылайша жалғаса береді.
Үй тапсырмасы: 136 - 137 бет оқу. Мерекелік киім үлгісін салу
Бағалау. Өзін - өзі бағалау

Ақмола облысы, Зеренді ауданы
КММ "Пухальск негізгі мектебінің"
бастауыш сынып және химия, биология пәндері мұғалімі
Абдрахманова Жадыра Серкбаевна

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама