Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Өмір мен ұста

Өмірдің бір құрбысы темір соғатын ұста екен. Өмір соған таға соғып бер деп тапсырыпты. Ертеңіне Өмір дүкенге келсе, көрік басында жерде жатқан үш-төрт тағаны көріпті де, еңкейіп біреуін ала беріп, қайта тастай салыпты. Оттан суырып жерге тастай салған көк темірдің ыстық екенін ол білмепті.

Манадан бері әдейі үндемей тұрған ұста артына бұрылып:

— Ә, батыр, қалай екен, қолыңды тентек темір тістеп алды ма? — депті әзілдеп.

Сонда құрдасының әдейі әжуалап тұрғанын түсіне қойған Өмір:

— Жоқ, көтере алмадым, — деп іле жауап беріпті.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама