Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Өмір шексіз керуен
Тақырыбы: Өмір шексіз керуен
Мақсаты. «Өмір» құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту. өмірден өзіндік орнын, өмірлік бағдарын айқындай алуға баулу.
Өткізілу әдісі. Әдеби музыкалық композиция
Жүру барысы:
1жүргізуші
Қайырлы күн, құрметті кеш қонақтары!
2 жүргізуші
Қазақ халқы өмірді ағып жатқан өзенге теңейді. Өйткені өмір өзен тәрізді тоқтаусыз, ешкімге білдірмей өтіп жатады. Сол өзен ағынында кейбір жан өз арнасын тауып жатса енді біреулері бастарын тасқа да, жарға да ұрып өз жолын таба алмай жатады.
1 - жүргізуші
Өмір - өзен ағып жатыр, тынбайды,
Өмір болмас қасіретсіз, мұң қайғы,
Сондықтан да, өз - өзіңе абай бол,
Өмір сені сонда ғана шыңдайды. - деп ақындар жырлағандай, Өмір - арнасы кең өзен, сол өзеннен өз арнаңды тауып ағу сенің басты мақсатың. өмірдің мақсаты жүзу емес, өз жағаңды табу.
Олай болса, жас өрен, бүгінгі тәрбиелік шарамызды терең рухани, адами құндылықтарға сүйене отырып, өмір керуенінің мән - мазмұнын айқындай түссін деген мақсатпен «Өмір шексіз керуен» деп атауды жөн көрдік.
2 - жүргізуші
Жаңа - жаңа мен ұғына бастадым,
Өмір деген қымбат екен достарым.
Өмір – менің жарқылдайтын аспаным,
Өмір менің сарқылмайтын дастаным.
1 - жүргізуші
Мен өмірді жас зерттеуші, жас ғалым,
Енді оянып, енді зерттей бастадым.
Өмір – кітап түсінуі тым қиын,
Әрбір күнім - әрбір бетін ашқаным.
2 - жүргізуші
Жағылды ма жүрегімде жаңа шам,
Ойлауменен өтед ылғи оңашам,
Армандаймын: ұлы еліме сүйікті,
Жақсылықтар жасасам деп орасан.
1 - ж үргізуші
Көркем сөз. А. Балабатырұлы. «Өмір деген...» оқитын Бұлбұл Қанатқызы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама