Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Омыртқасыздар тарауын қайталау
Омыртқасыздар тарауын қайталау
«Білімді мыңды жағады» Брейн - ринг
Мақсаты: омыртқасыздар тарауын қорытындылау, оқушылардың алған білімдерін тиянақтау, шапшаңдыққа баулу, интеллектілерін дамыту

І тур Іріктеу кезеңі «Жылдам жауап»
1 - топ
1. Гидраның денесі неше қабаттан тұрады? (екі)
2. Жүйке жасушасының сыртқы әр түрлі қимылдарға жауап қайтаруы қалай аталады? (тітіркенгіштік)
3. Ақ сұлама қандай құрттар типіне жатады? (жалпақ құрт)
4. Шегіртке қай отрядқа жатады? (турақанаттылар)
5. Ұлуларда ең алғаш пайда болған асқорытуға қатысатын без? (бауыр)
2 - топ
1. Гидраның атпа жасушалары қандай қызмет атқарады? (қорғаныш, қоректену)
2. Ағзадағы белгілі құбылысы бар үйлесімді қызмет атқаратын дене бөлігі (мүше)
3. Басы, тілі, жұтқыншағы жоқ ұлулар (қос жақтаулылар)
4. Кенелердің үш жұп аяғы бар дернәсілі қалай аталады? (нимфа)
5. Бунақденелілердің зәр шығару мүшесі қалай аталады? (мальпигий түтігі)
3 - топ
1. Гидра денесі зақымданғанда регенерациясының жүруі қандай жасушаларға байланысты? (аралық жасуша)
2. Құрттардың денесінің сыртын қаптайтын қорғаныш, тірек қабаты (сірқабық)
3. «Сиқырлап» ұйықтатуға болатын ұлу (басаяқтылар)
4. Өрмекшітәрізділердің барлық аяқтарының саны нешеу? (6 жұп)
5. Қара шыбын қандай отрядқа жатады? (қосқанаттылар)
4 - топ
1. Су астындағы маржан шоғырынан су бетіне шеңберленген бұтақтар өсіп шықса пайда болатын риф қалай аталады? (шеңберлі риф – аттол)
2. Таспа құрттың көзге байқалмайтын, мойынға жалғасқан басы бар кішкене көпіршігі бар дернәсілі қалай аталады? (финна)
3. Буынаяқтылардың денесі қандай затпен қапталған? ( Хитин)
4. Бунақденелілердің тыныс алу мүшесі қалай аталады? (демтүтік - трахея)
5. Бұғы қоңыз қай отрядқа жатады? (қатқылқанаттылар)
5 - топ
1. Гидра қалай қозғалады? (адымдап, тоңқаңдап)
2. Ұлулардың зәр шығару мүшесі не? (бүйрек)
3. Паразит құрттарды зерттейтін ғылым қалай аталады? (гельминтология)
4. Тайга кенесі адамға ең қауіпті қандай ауру жұқтырады? (энцефалит)
5. Масаның ауыз мүшесі қандай? ( шаншып сорғыш)
6 - топ
1. Ішекқуыстылар типінің қанша түрі бар? (9000)
2. Мамықкенелер құстарда қандай ауру туғызады? (әкаяқ)
3. Бунақденелілерді зерттейтін ғылым қалай аталады? (энтомология)
4. Балараның ауыз мүшесі қандай? (кеміріп – жалағыш)
5. Қаракүйе көбелек қандай отрядқа жатады? (қабыршаққанаттылар)
7 - топ
1. Медузанаң дернәсілі қалай аталады? (планула)
2. Ұлулардың тұлғадан ерекше қатпарлы қабаты қалай аталады? (шапанша)
3. Шаянтәрізділердің зәр шығару мүшесі қалай аталады? (жасыл без)
4. Көбелектердің ауыз мүшесі қандай? (сорғыш түтік ауыз)
5. Құмырсқа қай отрядқа жатады? (жарғаққанаттылар)
8 - топ
1. Ішекқуыстылар қалай тыныс алады?
2. Ішекте өмір сүретін паразиттер қалай аталады?
3. Шаянтәрізділердің барлық аяқ саны қанша? (8 жұп)
4. Қан соратын сүліктің жұтқыншағындағы арнаулы бездерден бөлінетін ерекше зат қалай аталды? (гирудин)
5. Қоңыздардың ауыз мүшесінің құрылысы қандай? (кеміргіш ауыз)

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама