Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Оң және теріс сандар. Координаталық түзу
Математика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Оң және теріс сандар. Координаталық түзу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: Оң және теріс сандарды координаталық сәуледе кескіндеу, математикалық сөйлеуге машықтану, өз бетінше және топпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: оң және теріс сандарды ажырата алады.
Көптеген оқушылар: Оң және теріс сандарды координаталық түзуде кескіндей біледі
Кейбір оқушылар: Деңгейлік тапсырмаларды толық орындайды.
Жетістік критерийлері:
• Оң және теріс санды жаза, оқи біледі;
• Оң және теріс сандарды координаталық түзуде кескіндей біледі;
• Қойылған сұраққа сыни ойлана алады;
• Өз дәлелдемесін келтіре алады;
• Өзіне және топқа деген жауапкершілігі жоғары;
• Топ ережесіне бағынады;
• Өзгенің пікірін тыңдай алады;
• Қалыптасқан білімдерін көрсетеді;
• Өз - өзін және бір - бірлерін бағалай біледі.
Тілдік мақсаттар: Оқушылар:
Оң және теріс сандарды координаталық түзуде кескіндей алады
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестері
Оң сан, теріс сан, координаталық түзу
Құндылықтарды дарыту: Киелі сандар
Пәнаралық байланыстар: Тарих, информатика

Сабақтың басы
1. Ұйымдастыру (3 мин)
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырып, оқушыларды сандар бойынша топқа бөлу
Оқушылар 5 топқа бөлініп отырады
2. Үй тапсырмасы
(3 мин)
Үй жұмысының дұрыс орындалуын тексеру
№ 293, № 294, № 296
№293 А В С O D E
- 5 - 4 - 3 - 2 - 1 0 1 2 3 4 5
А(- 4), В(- 2, 5), С(- 1), D(2), Е(3).
№294
А(- 5), В(- 3, 5), С(- 2), D(3), Е(- 4, 5)
А Е В С D
- 5 - 4 - 3 - 2 - 1 0 1 2 3 4 5
№296
1. Байкал көлінің тереңдігі - 1620 м.
2. Жер шарындағы ең биік нүкте - Гималай тауларындағы Джомолунгма (Эверест) шыңының биіктігі +8848 м.
3. Дүниежүзілік мұхиттың ең терең жері – Тынық мұхиттағы Мариан шұңғымасы, оның тереңдігі – 11 02 м.
4. Тянь - Шаньдағы Хантәңірі шыңының биіктігі + 6995 м.

Алмалы ауданы, «№18 гимназия» КММ
Математика пәнінің мұғалімі
Нарзиева Озада Хушвахтовна
Оң және теріс сандар. Координаталық түзу. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама