Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ондық бөлшектерді көбейту
Орал қаласы,
№34 мектеп - гимназиясының мұғалімі
Исмагулова Г.С.

Қазіргі оқыту үрдісіндегі мұғалімнің басты мақсаты, әр сабақты қызықты өткізу, оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру, зеректілігін қалыптастыру болып табылады.
Осы мақсатты іске асыру үшін сабақтың тиімді жолын таңдай білу керек. Осыған байланысты 5 сыныпта өткізген «Ондық бөлшектерді көбейту» тақырыбы бойынша қорытындылау сабағын ұсынып отырмын.
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді көбейтуге есептер шығару.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ондық бөлшектер туралы ережелерді әртүрлі есептеулерде қолдану білу, өтілген материалды бойынша алған білімдерін тиянақтау;
Тәрбиелік : Ұқыптылыққа , мұқияттылыққа, шапшаңдылыққа тәрбиелеу;
Дамытушылық: Есептер шығару барысында оқушылардың логикалық ойлау қабілетттерін дамыту, пәнге қызығушылықтарын арттыру, іскерлік білімдерін дағдыларын қалыптастыру.

Сабақтың түрі: Қорытындылау сабағы
Сабақтың оқыту әдістері:
Сұрақ-жауап, есептер шығару, тест алуда дидактикалық материалдарды іріктеу, деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану.
Көрнекілік: Интерактивті тақта, ACTIVote тестілеу жүйесі, тест тапсырмалары.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру.
Оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.
2.Үй тапсырмасын тексеру.
3. Қызығушылықты ояту:
Кестеге көбейтіндінің мәнін сәйкес буындарды қойсаңдар, сөйлемді оқи аласыңдар.
629*51=32079
62, 9*51=бөл
62, 9*5, 1=тер
6, 29*5, 1= дық
0, 629*0, 51= он
0, 629*51= шек
0, 629*0, 051= ді
629*51= х (көбейту)
0, 32079
32, 079
3207, 9
32, 079
320, 79
0, 032079
32079

Сұрақ-жауап арқылы өткенді қайталау.
4.Бүгінгі сабағымызда «Алтын қақпа » ойынын ойнаймыз. Ойын ережесі таныстырылады.Әрбір қақпаның есептері деңгейге байланысты құрастырылған.
Темір қақпа есептері:
1) 0, 467 *2, 4;
2) 11, 07 *0, 63;
3)29, 1* 4, 5 ;
4) 1, 285 *4, 9;
5) 10, 2* 0, 055;
6) 7, 04* 0, 062.
Күміс қақпа есептері:
1) 0, 95* 10, 9-0, 5* 4, 8;
2) 4, 28* 15, 6 +1, 3*2, 8;
3); 4) .
Алтын қақпа есептері:
Оқулықпен жұмыс:
№ 1152
Бер:І күні-50 т --------------- Шешуі:50, 5*0, 9=45, 45 ------------ 45, 45*1, 2=54, 54
ІІ күні - ?0, 9 ------------------------------------------------------50, 5+45, 45+54, 54=150, 49
ІІІ күні- 1, 2 е.а
Барлығы- ? т -------------------------------------Жауабы:150, 49 тонна.

№ 1154.
Сандық ішіндегі тапсырма логикалық есептер:
1)
2) 1-ден 100-ге дейінгі сандарда 7 цифрасы неше рет қайталанады.
5. Бекіту: «Жедел - тест» жұмысы
1. 103, 075 бөлшегінің бүтін бөлігін тап:
а) 10
б) 103
в) 1
2. 11, 013 санын жай бөлшекке айналдырыңдар:
а)
б)
в)
3. 0, 07* 3, 7 сандарының көбейтіндісінің мәнін тап:
а) 0, 349
б) 0, 259
в) 0, 0259
4. санын ондық бөлшекке айналдыр:
а)7, 175
б) 7, 075
в) 7, 147
5. Амалдарды орында: 57, 8*0, 1 + 2, 043*10
а) 598, 43
б) 26, 21
в) 21, 008
6. Көбейтінділердің қайсысының мәні 0, 784-ке тең?
а)3, 4*6, 7
б ) 5, 5*2, 16
в) 9*0, 256.
7. Егер үтірді солға қарай 4 цифрға жылжытса, бөлшек қалай өзгереді?
а) 1000 есе артады
б) 10000 есе артады
в)1000 есе кемиді.

6. Үйге тапсырма: № 1147, №1151.
7. Қорытындылау. Оқушыларды бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама