Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу, ондық бөлшектерді салыстыру.
Тақырыбы: Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу, ондық бөлшектерді салыстыру.
5 сынып
Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаты: Ондық бөлшектерді жазып оқу, ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу;
Ондық бөлшектерді салыстыру;

Сабақтың басы(10 минут)
І. Ұйымдастыру:
Оқушылармен амандасу, оқушы қатысымына және сынып тазалығына назар аудару.
«Мен қандаймын?...» психологиялық ахуал тудыру.
– Сіз лидерсіз. Әрқашан белсендісіз. Үшбұрыштар тобы
– Сіз жұмыс істегенді, оқып үйренгенді ұнатасыз. Төртбұрыш тобы
– Үнемі көтеріңкі көңіл - күйде жүресіз. Шеңбер тобы

Үй тапсырманы тексеру №759
1) 2, 77, 49 3) 7, 3080, 39 0, 47 14, 890
0, 1<0, 99="" 5,="" 2151,="">
II. Білімді белсендіру.
Мақсаты: өткен тақырыптар бойынша оқушы білімін қайталау және бекіту.
1) Математикалық диктант. Ондық бөлшек түрінде жаз
1. үш бүтін оннан бір (3, 1)
2. Бес бүтін оннан сегіз (5, 8)
3. бір бүтін оннан бес (1, 5)
4. нөл бүтін жүзден жетпіс (0, 70)
5. Жеті бүтін жүзден жиырма бес (7, 25)
6. нөл бүтін жүзден он алты (0, 16)
7. үш бүтін мыңнан бір жүз жиырма бес ( 3, 125)
«бір – бірін тексеру»
«Хатқа жауап»әдісі
 1. Ондық бөлшек қалай жазылады?
 2. Бөлімдері бірдей бөлшектерді қосқанда не істейміз?
 3. Кез келген жай бөлшекті ондық бөлшек түрінде жазуға бола ма?
 4. Өзара жай сан деп нені айтамыз?
 5. Ондық бөлшектер қалай салыстырылады?
 6. Координаталық сәуледе ондық бөлшектер қалай салыстырылады?

Сабақтың ортасы (20 минут)
Топтық жұмыс
Бірлік кесіндінің бойынан А(0, 3) және В(0, 6), С(1, 5) координаталық нүктені кескіндеңдер. Оларды салыстырып ережесін түсіндір.
2) А(3, 2): В(3, 56); С (4, 2) санын координаталық сәуледе кескіндеу, Оларды салыстырып ережесін түсіндір.
3) А (0, 56) В (0, 7). С(0, 78) санын координаталық сәуледе кескіндеу. Оларды салыстырып ережесін түсіндір.

Мұғалімнің аты - жөні: Ақатай С.
Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе кескіндеу, ондық бөлшектерді салыстыру. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама