Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Сабақ тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту
а) Білімділік: Оқушылардың тақырып бойынша
алған білімдерін жүйелеу, тереңдету;
ә) Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, шығармашылыққа баулу;
б) Тәрбиелік: Оқуға саналы сезімге, жауапкершілікке, өз бетінше еңбектенуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интеративті тақта.
Сабақ барысы:
I. Ауызша жаттығулар.
Есепте:
0, 5+0, 2;
1, 42+0, 33;
1, 42+3, 3;
1, 2+1, 2;
0, 8+0, 2;
207+8, 03;

II. Деңгейлік тапсырмалар.
Оқушы тапсырманы өз деңгейіне қарай таңдайды.
Онда 3 деңгейде есептер берілген.
А - деңгейі:
№1. Баған түрінде жазып орында:
а) 0, 26+0, 45;
б) 6, 28 - 5, 32;
в) 0, 876+0, 39;
г) 2, 05 - 1, 055;

№2. Теңдеуді шеш: х+11, 6=22, 56;

№3. Жайық – Орал қаласының тұсынан ағып өтетін өзен. Оның біздің республикамыздың жерінен өтетін ұзындығы 1081, 6 км, ал республикамыздан тыс жерден өтетін ұзындығы 1346, 4 км. Жайық өзенінің ұзындығы неше км?

В - деңгейі:
№1. Есепте:
а) 342, 48 -(150, 9+42, 48); б) 6, 32+19;

№2. Теңдеуді шеш: л - 66, 7=0, 333+0, 905.
№3. Қайықтың тынық судағы жылдамдығы 8, 5 км\сағ, өзен ағысының жылдамдығы 3, 2 км\сағ. Қайықтың өзен ағысымен және ағысқа қарсы жүзгендегі жылдамдықтарын тап.

С - деңгей:
№1. Ағыс жылдамдығы 2, 75 км\сағ. Өзенде ағысқа қарсы жүзген қайықтың жылдамдығы ағыспен жүзген қайықтың жылдамдығынан қанша кем?

№2. Теңдеуді шеш: а+(46, 3 - 24, 91)=80, 03 - 42, 9.

№3. Шамалар мәндерін ондық бөлшек түрінде жазып, азайтуды орында.
а) метр есебімен:
16м 3дм 9см – 4м 8дм 5см – 3м 6дм 7см;
б) кг есебімен:
110кг 560г – 15кг 20г – 86кг 3г;

III. Логикалық тапсырмалар:
Дұрыс теңдік шығатындай етіп, қажет жерлерге үтір таңбасын қой.
а) 32+18=5;
б) 3+108=408;
в) 42+17=212;
г) 736 - 336=4;
д) 63 - 27=603;
е) 57 - 4=17.

IV. Шығармашылық тапсырма:
Мәтінді аяқтап, есепті құр және шығар.
Сүт толы бидонның салмағы 25, 1 кг. Сүтпен жартылай толы бидон салмағы 13, 8 кг.

V. Белгісіз санды тап.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама