Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: «Ондық бөлшектерді қосу және азайту»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Ондық бөлшектерді қосу және азайту тақырыптары бойынша білім дәрежесін анықтап, алған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушыларды тапқырлыққа баулып, өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын, ойлау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру, ұқыптылыққа, ұжым намысын жоғары қоюға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың типі: Қайталау сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта арқылы тірек сызбалар, слайдтар, тесттік тапсырмалар.
Сабақтың әдісі: СТО элементтері, түсіндірмелік, сұрақ - жауап.

Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру
а) оқушылармен амандасу.
ә) сыныпты топқа бөлу.
б) «Шаттық шеңбері»
II. Қызығушылығын ояту (Ой қозғау стратегиясы)
III. Шапшаңдық сайысы
IV. Дәптерде жұмыс: Есептерде қандай қателер жіберілген?
V. «Қабілеттілер мекені» деңгейлік тапсырма.
VI. Сергіту сәті
VII. Ауызша жұмыс: Амалдар тізбегін орында.
VIII. Капитандар сайысы.
IX. Сабақты бекіту (Венн диаграммасы)
X. Үйге тапсырма
XI. Бағалау, қорытындылау.

I. «Шаттық шеңбері» арқылы сабақты бастаймыз. – Балалар, енді қолымызды ұстап алақан жылуы арқылы бір – біріңе жылы лебіздер айтып, сабағымызды бастайық.
Қуанамын мен де (өзімді көрсетемін)
Қуанасын сен де (жанындағы досымды көрсетемін)
Қуанайық достарым (бір – бірімізді қолымыздан ұстаймыз)
Арайлап атқан күнге (қолдарымызды жоғары көтереміз).

II. Қызығушылығын ояту (Ой қозғау стратегиясы)
А) Қайталау сұрақтары
1. Санның ондық бөлшекпен жазылуында үтір қайда қойылады?
2. Ондық таңбалар дегеніміз не?
3. Жай бөлшекпен ондық бөлшектің айырмашылығы неде?
4. Жай бөлшекті ондық бөлшекке қалай айналдырамыз?
5. Ондық бөлшектерді координаталық сәуледе қалай кескіндейміз?

III. Шапшаңдық сайысы
Мұнда екі топқа да жеңілдіктері бірдей есептер беріліп, уақыт есептелінеді.
Жай бөлшекті ондық бөлшекке айналдырып есепте:
I топ
а) 7, 23+3 7/100
ә) 8, 65 - 7 3/4

II топ
а) 19, 3+8 13/100
ә) 21, 05 - 51/2

Ондық бөлшекті есепте:
а) 3 2/25+5, 54+19 3/4
а) 9 13/20+8, 36+12 1/5
ә) 7, 39*12 2/5
а) 7, 3*18 1/4

IV. Дәптерде жұмыс: Есептерде қандай қателер жіберілген?

V. «Қабілеттілер мекені» деңгейлік тапсырма
А - деңгей:
1. 0, 2+ 4 1/3 – 2; Жауабы: 28/15
2. 0, 25+ 3/4 – 0, 75 - 1/4; Жауабы: 0.

В - деңгей:
Теңдеуді шеш: 6, 38+х=44, 003
Өрнектің мәнін тап: (а+1, 37)- 0, 16; а=3, 05

С - деңгей: Оқулықпен жұмыс
№1062 (1); 2. №1064 (2)

VI. Сергіту сәті (Жұмбақ шешу)
Дүниеде бүтін нәрсе бола бермейді,
Көңілге армандаған қона бермейді.
Бүтін нәрсе бөлігін көрсеткен
Қандай сан бар, достарым, пікір демейді.
(Бөлшек сан)

VII. Ауызша жұмыс: Амалдар тізбегін орында
VIII. Капитандар сайысы
Теңдік тура болатындай етіп, тиісті жеріне үтір қой.
I топ.
а) 503+147=65
ә) 687 - 9=596

II топ.
а) 83+388=8688
ә) 5056 - 4396=66

IX. Сабақты бекіту (Венн диаграммасы)
X. Үйге тапсырма
XI. Бағалау, қорытындылау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама