Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Ондық бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару
Сабақ жоспары 5 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайтуға есептер шығару
Сабақтың мақсаты: а) Оқушылардың ондық бөлшектерді қосу және азайтудан алған білімдерін жүйелеу, тереңдету арқылы есептер шығару дағдыларын жетілдіру.
в) Теориялық білімдерін практикада ұштастыра отырып, ауызша есептеу дағдысын қалыптастыру. Ой - өрісін дамыту, білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару, іскерліктерін дамыту. Өзіндік ойлау, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін арттыру
с) Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, өзара жолдастық көмек көрсете білуге, ойын тиянақты дәл айта білуге үйрету; шапшаңдыққа тәрбиелеу;
жауапкершілік, белсенділік, білімге талпыну қасиеттерін бойында тереңдету. Нәтижеге қол жеткізе білуге тәрбиелеу. Өзін - өзі бағалап, білімін тиянақтай білуге баулу.
Сабақтың түрі: Жүйелеу, пысықтау сабағы
Сабақтың әдісі: Ой қозғау, сұрақ – жауап, тест, топтық, жұптық, жеке оқушымен жұмыс
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар тест, таратпа материалдары,

Сабақтың барысы:
І кезең. Ұйымдастыру. (Ынтымақтастық атмосферасын құру) (топқа бөліну, топ ережесін құру, жауап парағын тарату)
ІІ кезең. Сабақтың мақсаты мен міндеттерін айқындау.
Сабағымыздың ұраны: «Ойлан, ізден, шарықта», Бүгінгі сабағымызда ойланып, ізденіп, шарықтау үшін білім пирамидасын пайдаланамыз.

ІІІ. Үй тапсырмасын тексеру
1) Білу. Қызығушылықты ояту (Ауызша сұрақтар)
1) Бірліктен де кіші разрядтары бар болатын ондық жүйеде жазылған сан не деп аталады?
2) Ондық бөлшектің бөлшек бөлігінің цифрларын не деп атайды?
3) Ондық бөлшектерді сандық сәуледе қалай салыстырамыз?
4) Ондық бөлшектерді разрядтары бойынша қалай салыстырамыз?
5) Ондық бөлшектерді қалай қосады?
6) Ондық таңбаларының саны әр түрлі ондық бөлшектерді қалай қосады?
7) Ондық бөлшектерді қосуда қандай қасиеттер орындалады?
8) Ондық бөлшектерді қалай азайтады?
9) Азайғыштың бөлшек бөлігі азайтқыштың бөлшек бөлігінен кіші болса қалай азайтады?
10) Натурал саннан ондық бөлшекті қалай азайтады?

2) Түсіну. «Шуақты күн» ойыны Кім шапшаң екен?
(Әр топқа 4 есептен беріледі, шығару тәсілін, жауабын түсіндіру)
І топ
1. Салыстыр. 68, 309 * 68, 4
2. Ондық бөлшекті қос: 9, 5+3, 4+1, 6
3. Сандық сәуледе А, В, С, Д нүктелерінің координаталарын жаз.

2) Ондық бөлшекті азайт: 41 - 32, 5

ІІ топ
1. Салыстыр. 5, 036 * 5, 04
2. Ондық бөлшекті азайт: 12, 65 - 9

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама