Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлу.
Атырау облысы, Қызылқоға ауданы,
Тасшағыл ауылы, Т.Амандосов атындағы орта мектеп
бастауыш сынып мұғалімі Нургул Жалгасова Кулмановна

Сабақтың тақырыбы: Ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлу.
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Ондықтар мен жүздіктерді бір таңбалы санға көбейту және бөлу жолдарын қарастыру, меңгерту.
2.Дамытушылық: логикалық ойлау қабілетін, ой-өрісін, есептеу дағдыларын қалыптастыру, математикалық тілін дамыту, пәнге қызығушылығын арттыру.
3.Тәрбиелік: ұқыптылыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі:
Сабақтың әдісі:
Сабақтың көрнекілігі:

Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру.
Оқушыларды түгендеу. Амандасу. Үлкенге де сіз,
Кішіге де сіз
Сәлем бердік сіздерге
Құрметпенен біз

Мұғалімнің оқушыларға тілегі: 5-тік болсын бағамыз
Білімнен бақыт табамыз
Өнер – білім көп оқып
Өсе берсін санамыз
Кел, балалар, келіңдер
Математиканы көріңдер
Қане, қарап шығыңдар
Оқуға зейін қойыңдар
Сендер болып, біз болып сабақтың жақсы өтуіне тілектеспін!
ІІ.Үй тапсырмасы.
Сауалнама. Перфокартамен жұмыс.

ІІІ.Жаңа сабақ
1) Толық ондықты атаңдар?
2) Толық жүздікті атаңдар?
Үлгі:
3x2=6
6:2=3
30x2=3онд. x 2=6онд. = 60
300x2=3жүзд. x 2=6жүзд. = 600
60: 2=6 онд.:2=3онд =30
600: 2=6 жүзд.:2=3жүзд. =300

1 медаль Оқулықпен жұмыс №1
4 x2=8 ---------------8:4=2 ------------- 3x3=9
40x2=80 ------------ 80:4 =20 --------- 30x3=90
400x2=800 --------- 800:4=200 ------ 300x3=900

2 медаль Оқулықпен жұмыс №3
1) Егер әрбір вагонда 40 т көмірден болса, 8 вагонда неше тонна көмір бар?
Шешуі: 40x8=320 (т)
Жауабы: 8 вагонда 320 тонна көмір бар.
2) Қаптағы жүгерінің массасы 20 кг. Бұл қаптағы күріштің массасына қарағанда 40 килограмм кем. Қаптағы күріштің массасы қандай?
Шешуі: 20+40=60 (кг)
Жауабы: қаптағы күріштің массасы 60 килограмм.
3 медаль Математикалық диктант
3 x2=6
4 x4=16
4 x7=28
12:4=3
16:2=8
32:4=8
4x6 =24
3x7=21
24:3=8

4 медаль Теңдеу шешу
Хx4=40 300:а=3
5 медаль Оқулықпен жұмыс №2
2 сағ; 3сағ; 4сағатта неше минут бар?
2м; 3м; 4 метрде неше сантиметр бар?
2ц; 3ц; 5 центнерде неше килограмм бар?
2ғасырда; 3 ғасырда неше жыл бар?
6 медаль Логикалық есептер
1.Бір торда үш қоян отыр еді. Үш оқушы оларды бір-бірден таратып алды. Сонда торда әлі де бір қоян қалып қойды. Ол қалай?
2.Жеті туыстың бір-бірден қарындасы бар. Олар барлығы нешеу?
3.Аулада жүрген бұзаулар мен тауықтардың аяқтарының саны – он. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
7 медаль Өз бетімен жұмыс №5, №8
Кестені толтыр

30 x а
100 x а
Есепте:
70x2= 600 :3= 50 x 4 = 90 x 2= 120: 2=
120: 3= 150 :3 800: 4= 700: 7= 90: 9=
210: 3= 800 x 2 60 x2= 50 x 3= 60 x 4=

Сабақты қорытындылау.
Балалар мына есепті қатесіз шығарған кезде бір ерекше сөз шығады. Бәріміз ат салысайық.
4 * 2-----12 : 4-----4 * 3-----32 : 8-----4 * 6-----4 * 5-----36 :4----4 * 7-----20 : 4-----4 * 8
Ч-----------е-----------м----------п----------и--------о-----------н----------д---------а---------р
Ендеше балалар бүгінгі сабағымызда білімімен көзге түскен чемпиондарымызды анықтайық.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама