Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Оптикалық аспаптар
Оптикалық аспаптар
Мақсаты: 1. Оқытушылық: Оқушылардың негізгі бөлігі нәрсенің кескінін беретін қандай да бір оптикалық жүйе болып табылатын сан алуан оптикалық аспаптардың жұмыс істеу әрекеті геометриялық оптика заңдарына негізделгенін түсінуін қамтамасыз ету.
2. Дамытушылық: Оптикалық аспаптармен танысу барысында оқушылардың құралдар арасындағы ұқсастық, айырмашылық, ерекшеліктерін анықтай білу, талдай білу, жүйелеу қабілеттерін дамыту
3. Тәрбиелеушілік: Дүниеге ғылыми көзқарас қалыптастыру, оптика заңдарының іс жүзінде қолданылуын көрсету, жауаптың логикалық әдемілігіне үйрету
Құрал - жабдықтар: кодоскоп, телескоп, микроскоп, «Көз» таблицасы, интерактивті тақта, электрондық оқулық
Сабақ түрі: өз бетімен білім алу, өзара оқыту
Оқыту тәсілі: жартылай ізденіс
Ұйымдастыру тәсілі: топтық жұмыс, «қарлы кесек» оқыта үйрету ойыны

Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі: түгендеу, 3 топқа бөлу А, Б, В
II. Материалды игеру барысындағы оқушылардың алдына қойылатын негізгі мақсатты тұжырымдау:
1. Оптикалық аспаптардың жұмыс істеу принципі қандай заңға негізделген?
2. Түрлері, құрылыстары қандай?
3. Айырмашылықтары, ерекшеліктері неде?
4. Қайда қолданылады?

III. Топ мүшелерінің өзара оқытуы --- 15минут
IV. Сабақ « қарлы кесек» оқыта үйрету ойынының 2 - нұсқасы бойынша өтеді
1 - топқа: проекциялық аспаптар — диаскоп, эпископ, эпидиаскоп
2 - - топқа: көз, көзілдірік, фотоаппарат
3 - Топқа: телескоп, микроскоп

I тур 10 минут
Жаңа топта әрбір алғашқы топ өкілі өз тақырыбын әңгімелейді, әріптерінің кезегі бойынша А1, Б1, В1; А2, Б2, В2; А3, Б3, В3
Олардың әңгімесін тыңдаушылары сызба, жоспар, тезис түрінде жазып алады Бұл уақытта 4 нөмірлі ойыншылар (А4, Б4, В4 ) тақтада жұмыс істеп, пысықталған материалдың сызба - конспекттісін жазады

II тур Оқушылар өздерінің алғашқы орындарына қайта оралады, ал мұғалім стол сілтемелерін ауыстырады(1, 2, 3, 4 - тің орнына А, Б, В )
4 - нөмірлі ойыншылар тақтада бірінен соң бірі өздерінің сызба - конспектілерін қорғайды Мұғалім және басқа оқушылар оқу материалының қаншалықты меңгерілгенін, сұрақтың мәні қаншалықты жинақы, нақты, сауатты баяндалғандығын бақылап отырады.(Әр сөйлеушіге - 3минут, барлығы - 9 - минут )
Топ мүшелерін тыңдап болған соң, әрбір оқушы өзі неғұрлым қызғылықты, жоғары танымдылық, ақпараттық деңгейдегі және дәлелденген деп есептелетін сөйлеушінің нөмірін анықтап, бағалау парағына жазып алады

III тур Физикалық диктант:
1. Оптикалық аспаптардың негізгі бөліктері --------------------- тұрады
2. Оптикалық аспаптардың жұмыс істеу әрекеті ---------------- заңдарына негізделген
3. Диаскоп -------------- денелерді проекциялайды
4. Эпископ --------------- денелерді проекциялайды
5. Эпидиаскоп ------------- денелерді проекциялайды
6. Микроскоп - дененің ----------------------- кескінін береді
7. Телескоп — рефлектордың телескоп — рефрактордан артықшылығы:
а.
Б.
8. Көздің --------------- қос дөңес линзаға ұқсас
9. Кескін көздің ------------------- алынады
10. Әлемдегі ең үлкен телескоп - рефлектор ---------------------- орналасқан
V. Бағалау, қорытындылау. Физ. диктантты дайын жауаптар бойынша өзара бағалайды
VI. Үйге тапсырма

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама