Оқылым. Айтылым. Тыңдалым. Ұжымдық жұмыс
Сабақ барысы | ||||
Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс - әрекет | Ресурстар | ||
Сабақтың басы | 1. Сәлемдесу. 2. Психологиялық ахуал. Достар бері келіңдер, Қолдарыңды беріңдер, Шаттық атты шеңберге, Қуанышпен еніңдер! Шаттық шеңбері. «Ыстық лебіз» Шеңберге жиналып, бір - біріне жылы лебіз, тілектерін білдіру. 3. Топқа бөлу. Берілген сұрақтар бойынша топқа бөлу. – Қай мектептенсің? – Мектебіңнің көшесі қалай аталады? – Нешінші класта оқисың? Осы сұрақтар бойынша оқушылардың жауабын тыңдау. 4. Оқушылардың зейінін шоғырландыру және оқу мақсатын анықтау. 5. Күтілетін нәтиже. | |||
Сабақтың ортасы | 10 - жаттығу. Өлеңді дауыс ырғағымен оқу. Оқылым. Айтылым. Тыңдалым. Ұжымдық жұмыс. Белсенді оқытудың сұрақ қою және талқылау, саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілін қолдана отырып, - өлеңдегі кейіпкерлер кімдер? - оның санын нешеу? - балақай неге кейіді? деген сұрақтар қоя отырып баяндауға ынталандырамын. *Бүлдірген сөзіне анықтама айтып, түсіндіріп кетемін. ҚБ жұлдызша арқылы бағалау. ***Диалог - екі немесе бірнеше адамның сөйлесуі. Кері байланыс: мұғаліммен оқушы 11 - жаттығу. Өлеңді түсініп оқу. Оқылым. Айтылым. Тыңдалым. Ұжымдық жұмыс. Белсенді оқытудың сұрақ қою және талқылау, саралаудың диалог және қолдау көрсету тәсілін қолдана отырып, - өлең не туралы? - ол неліктен тілдің атынан айтылып тұр? деп сұрақтар қоя отырып баяндауға ынталандырамын. ҚБ смайлик арқылы бағалау. ***Монолог - өзіне немесе тыңдаушыға қаратып айтылған бір ғана адамның сөйлеуі. Кері байланыс: мұғаліммен оқушы Ширату жаттығуы. «Дүкен» ойынын ойнату арқылы сұхбаттастыру. (оқушыларға бұл диалог немесе монолог екенін анықтату) 12 - жаттығу. Жазылым. Жеке жұмыс. Мақалды көшіріп жаз. Аз сөйле, Көп тыңда. *Мағынасы қарама - қарсы сөздерді тауып астын сыз. Айтылым. Тыңдалым. Жұптық жұмыс. *Бір - біріңе мақалдың мәнін түсіндіріп көр. Топтық жұмыс. *Жазған мақал монолог па? Әлде диалог па? Дәлелдеп айтыңдар. Белсенді оқытудың түсіндіру және сипаттау, ал саралаудың қарқын тәсілін қолдану. ҚБ бас бармақ арқылы бағалау. Кері байланыс: оқушымен мұғалім 13 - жаттығу. Түлкі мен қырғауыл ертегісінен үзінді оқы. Оқылым. Айтылым. Тыңдалым. Топтық жұмыс. І - топ: бұл үзінді монолог па, әлде диалог па? ІІ - топ: «сәлеметсізбе» сөзін қай кездерде қолданады? ІІІ - топ: тағы қандай амандасу сөздерін білесіңдер? Белсенді оқытудың бекіту және қолданысқа енгізу, ал саралаудың қорытынды тәсілін қолдану. ҚБ шапалақтау арқылы бағалау. Кері байланыс: топпен топ арасында Ширату жаттығуы: «Қарлы кесек» ойынын ойнату. Қарлы кесекті лақтыра отырып, бірінші бала сұрақ қояды, ал екінші бала сол сұраққа жауап береді. 14 - жаттығу. Диалогты көшіріп жаз. Жазылым. Жеке жұмыс. Жұптық жұмыс. Ата мен бала рөлінде амандасу жағдаятын құрастырыңдар. Кері байланыс: оқушымен оқушы Саралаудың қорытынды тәсілін қолдану. ҚБ бас бағдаршам арқылы бірін бірі бағалау. | Оқулық. Бүлдірген суреті. Жұлдызшалар. Оқулық. Смайликтер. Ойыншықтар. Оқулық. Басбармақтың суреттері. Оқулық. Тапсырма жазылған А4 беті Қарлы кесек. Оқулық. Бағдаршам суреттері. | ||
Сабақтың соңы | Рефлекция. Баспалдақ.– Білдім. – Білгім келеді. – Білмедім.
| Баспалдақ суреті, смайликтер | ||||||||||||||
Саралау - оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау - оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз? | Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы. | ||||||||||||||
1, 2 тапсырмада диалог және қолдау көрсету тәсілі арқылы кейбір оқушыларға тапсырманы орындату барысында жан - жақты және нақты көмек беремін, ойланту үшін, жауаптар алу үшін сұрақтар қоямын - өлеңдегі кейіпкерлер кімдер? - оның санын нешеу? - балақай неге кейіді? - өлең не туралы? - ол неліктен тілдің атынан айтылып тұр? 3 - тапсырмада қарқын тәсілін қолдану арқылы кейбір оқушыларға: досыңнан қаламсабын, өшіргішін немесе кітабын вербалді емес әдіспен сұрап көр; кез келген тақырыпта диалог құрастырып жаз; монологқа мысал келтір. 4 - тапсырмада қорытынды тәсілін қолдану арқылы барлық оқушылар бір тапсырманы орындаса да нәтижелері әртүрлі болады, барлық оқушыларға бағытталған нұсқау бере отырып, олардың әрқайсысының өздерінен не күтетіндігін түсінгендеріне көз жеткізу. | Оқушылардың материалды меңгеру деңгейін жеке жұмыста жұлдызша, смайлик, бас бармақ, бағдаршам және топтық жұмыста шапалақтау арқылы, жалпы баспалдақ арқылы тексеруді жоспарладым. | Сергіту жаттығуы және көзге, қолға арналған жаттығу - лар. Қауіпсіздік ер ежелері. |