Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Оқымысты

Хат танымайтын бөспе біреу өзін оқымысты көрсету үшін жүктің үстінде тұрған газетті ала салып, аударып-төңкеріп қарапты да:

— Па, болатын жерінде болып жатыр екен ғой! — депті. Сонда қасында отырған бала:

— Ой, аға, әкем газеттің мына үлкен жазуы бар жағын жоғары қаратып оқушы еді, сіз төмен қаратып оқығаныңыз қалай? — дегенде:

— Қарағым-ау, білген адамға бас-аяғы бірдей емес пе, — депті шімірікпестен.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама