Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Оқытудағы жаңа тәсілдер. Тарих пәнін оқытудағы диалогтік оқытудың тиімділігі
Тақырыбы: «Оқытудағы жаңа тәсілдер. Тарих пәнін оқытудағы диалогтік оқытудың тиімділігі»
Мақсаты: Диалогтің маңызын ашу, сабаққа оқыту нысаны ретінде әңгімелесуді енгізу. Барлық оқушылардың білім алу, мақсатқа жету мен сынып өміріне қатысу қабілеттерін арттыру үшін оны тұлға ретінде дамытуға ерекше назар аудару болып табылады.
Оқыту нәтижелері: Коучинг соңында мұғалімдер:
1. Оқыту мен оқудағы тілдің басты рөлін түсінеді.
2. Білім беруде оқушыға жеке көңіл бөлуді дамытуға ықпал ететін оқыту әдісі ретінде
әңгімелесуді, мысалы: жауап алу мен шағын топта жұмыс істеу әдістерін қалайша тиімді
қолдануға болатыны туралы өз түсінігін қалыптастыру.
3. Білім алу тәжірибесіне диалогтік әдістер енгізіледі.
4. Сыныптағы диалогтік әдістер бағаланады.
5. Диалогтік әдістердің оқуға көмегін түсіндіруге дайын болады.
Сілтеме: МАН үшінші деңгей. «Оқытудағы интербелсенді әдіс - тәсілдер»
Негізгі идея: Диалог – мұғалімдер балалардың оқуға деген ынтасын оята алатын пәрменді тетік.
Сұрау және топтық жұмыс диалогтік тәсілдің балаларды оқыту сапасын арттыру құралы.
Сабақта қолданылатынматериалдар: Маркер, АКТ, қима қағаздар, қобдиша, А3, А4 қағаздары, бейнефильм, стикер, үлестірмелі материалдар, плакат.
Оқыту әдістері: Коучинг қағидасы, «Өзгеру», «Білген сайын келеді, біле бергім», «Сиқырлы қобдиша», «Тау рефлексиясы»,

Коучтың іс - әрекеті 5 минут
«Үш көмекші» әдісі бойынша топқа бөліну
«Жүрек», «Бас», «Қол»
Сонымен қатар суреттерге байланысты мағлұмат беріледі:
Шульман «үш көмекші» деп «бас, жүрек, қолды» атаған. Ол осы атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту табысты болып саналады деп есептейді. Мұндай пікірді біз ұлы ақынымыз Абай Құнанбаевтің қара сөздерінен де кездестіреміз. «Үш – ақ нәрсе адамның қасиеті: ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек» - деп ұлы Абай атамыз айтқандай, жаңа форматты мұғалім осы үш көмекшіні дұрыс пайдалана білуі керек.

Оқытудағы жаңа тәсілдер. Тарих пәнін оқытудағы диалогтік оқытудың тиімділігі жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама