- 08 шіл. 2020 00:00
- 189
Оқытудың озық технологиясы
Маңғыстау облысы Ақтау қаласы
«№10 жалпы орта мектебі» КММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі (Бірінші санат)
Тураева Дина Абдрашовна
Бүгінгі таңда еліміздің әлемдік білім кеңістігіне бағыт алған жаңаша білім беру жүйесі қалыптасып, даму үстінде.
Оқытудың технологиясы мен иновациялық әдіс-тәсілдері еніп, қанат жайған бүгінгі таңда, оқушы білімін бағалаудың да әр түрлі тәсілдері тәжірибеде қолданылу үстінде.
Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептері педагогтарының біліктілігін арттыру курсының бірінші деңгейін оқып, оқушылар алдында сабақ беру барысында іс-тәжірибеміз толыға түсуде. Бұрынғы дәстүрлі оқытуда өзіміз түсіндіріп, соңынан өзіміз сұрайтын болсақ, ал қазіргі сабақ модуль бойынша оқытудың жаңа тәсілдері арқылы жүргізіледі.
Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, білу қазіргі таңның басты мәселесі. Сабақта бұл мәселені шешу жолдарының бірі - әр түрлі әдіс тәсілдерді тиімді қолдана отырып, жаңа технологияларды енгізу. Қазір технологиялардың түрлері өте көп. Орыс мектептерінде қазақ тілін үйрену, лексикалық және грамматикалық тақырыптарды меңгеру күрделі жұмыс. Сондықтан басқа ұлтқа қазақ тілін оқыту, ауызекі сөй леуге үйрету қиын да, қызық жұмыс. Грамматикалық материалдарды және лексикалық тақырыптарды оқытуда тірек сызбалардың қолданылуы тілді дамытуға, сөздік қорды молайтуға, бір - бірімен, қарым - қатынас жасауға (сөйлеу, айту, жазу, оқу) ойлау қабілетін дамытуға, ойын қазақша жеткізе білуге үйретеді.
Мен оқушыларымды сабақ өткізу барысында сыни тұрғыда ойлауға, бірін-бірі бағалауға үйреттім. Оқытудың жеті модулін басшылыққа ала отырып, күнделікті сабақтарымды өткізіп жүрмін. Сабақ барысында оқушыларды зерттеу жұмыстарымда диалогтық әңгіме, топтық жұмыс түрлерін жиі пайдаланамын. Жаңа әдіс бойынша оқушылар тапсырманы өздері орындап, өздері меңгереді.
Жаңа сабақ бойынша топтарға тапсырманы постермен орындау тапсырылды. Сергіту сәті өткізіліп, топқа бөліп, ой қозғадым. Тақырыпқа қызықтырып бағыттадым. Шығармаға қатысты мақал-мәтелдер жинақтауды ұсындым. Шығарманы талдауға пікірталас ұйымдастырдым. Оқиғадағы өзекті мәселелерге оқушы көзқарасын анықтадым. Шынайы өмірмен байланыстыру арқылы баға беруге бағыттадым.
Оқушылар топтарға бөлініп жұмыс жасады. Мәтінмен өздері танысты. Әр түрлі әдістер арқылы шығарманы саралады. Жеке кейіпкерлерді талдады, олардың іс-әрекетін зерттеді. Ой қорытып, оны қағаз бетіне түсірді.
Топ басшылары арқылы топтар бірін-бірі бағалады. Осындай сабақтардан оқушылар топтаса жұмыс істеуді үйреніп, бірін-бірі тыңдауды, жұптаса жұмыс істеуді үйренді.Топтық жұмыс кезінде оқушылар бір-бірінің пікірлерімен санаса отырып, өзіндік пікір қалыптасады екен.
Мен осы бағытта жұмыс жасап келемін. Сол жұмыстарымның бірі мектепшілік ашық сабақтар, қалалық семинарларда өткіздім.
Сонымен қатар Халықаралық, республикалық, облыстық интернет олимпиадаларына қатысып I дәрежелі орындарға ие болдым. Осындай жаңа технологияларды тиімді қолданып құрылған жаңа форматтағы сабақтарым республикалық, облыстық газет - журналдарға сабақтарым мен баяндамаларымды жарияладым.
Қорыта келгенде айтарым, мұғалім бұрынғы ескі әдістерінен арылып, оқушыларға еркіндік беру керек, ендігі жерде сабақ барысында оқушы өзін-өзі басқара алатын, өзіне сыни көзқараспен қарайтын, сабаққа қызығатын оқушы болуы керек.
Тураева Дина Абдрашовна