Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Оқушыларды ҰБТ - ға дайындауда кездесетін кедергілер мен олардан шығу жолдары
Н. С. Манаев атындағы орта мектебінің
биология және физика пәндерінің мұғалімдері
Хилауова Армангүл Амангелдіқызы мен
Утарбаева Ардақ Искендірқызының

өткізген коучинг сабақ жоспары

Коучинг тақырыбы: Оқушыларды ҰБТ - ға дайындауда кездесетін кедергілер мен олардан шығу жолдары.
Қатысушылар: семинарға қатысушы мұғалімдер
Мақсаты:
ҰБТ - ға дайындаудың түрлі әдіс - тәсілдерін мысалға ала отырып, басқа да мұғалімдермен іс - тәжірибе алмасу.

Күтілетін нәтижелер: Мұғалімдер оқушыларды ҰБТ - ға дайындауда кездесетін кедергілерді, қиыншылықтарды жеңудің жолдарын бірлесіп іздейді, кедергіден шығудың жолы әрқашанда бар екеніндігін түсінеді.

Түйінді идеялар: Мұғалімдердің бір - бірімен бірлескен топтық жұмысының нәтижесінде ҰБТ - ға дайындаудың әдіс - тәсілдерінің негізінде модель құру.
Ресурстар Мұғалімдерге арналған нұсқаулық, апта ресурстары.
Таныстырылымдар
тізімі: «Оқушыларды ҰБТ - ға дайындау барысындағы қолданылатын тиімді әдіс - тәсілдер» атты таныстырылым
Теориясы: ҰБТ - ғылымда дәлелденген, тиімділігі іс жүзінде танылған үрдіс. Сонымен бірге,
ұлттық бірыңғай тесттілеудің енгізілуінің мақсаты - оқушылардың мектепте алған білімдерінің нәтижесін бағалауда объективтілікті арттыру болып табылатын білім беру сапасын мемлекеттік
аттестациялаудың бір түрі.
Құрал жабдықтар: Флипчарттар, маркерлер, стикерлер, магниттер, бос банка және әртүрлі тастар.

Жұмыс кезеңі
Қызығушылықты ояту: 1). Психологиялық ахуал туғызу
Мақсат:
Қатысушылардың оң көзқарастарын қалыптастырып белсенділігін арттыру

Коучтің іс - әрекеті
Көтеріңкі көңіл - күй орнату үшін «Сергіту сәті» - «Картоп егу» тренингін ұйымдастыру.

Қатысушы мұғалімдердің іс - әрекеттері

Шеңбер жасату, шараға қатысушыларға бір - бірінің арқасына үгу жасай отырып, картоп егу процесін жасайтынын ауызша түсіндіру арқылы өзара қарым қатынасқа түсіре отырып жағымды ахуал қалыптастыру. «Жерді жыртамыз», «Қопсытамыз» «Бетін тегістейміз» «Тұқым себеміз» «бетін жабамыз» «Суарамыз» «Арамшөптерін жұламыз» Алынған дайын өнімнен соң, өзара мадақтама жасату.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама