Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 6 күн бұрын)
Оқушылардың физика пәнін қызығушылықпен оқуындағы техникалық үйірменің ролі
«Оқушылардың физика пәнін қызығушылықпен оқуындағы техникалық үйірменің ролі»

Физика ғылымы табиғатта болатын құбылыстарды, олардың заңдылығын зерттеумен айналысады. Физика - техника негізі. Физика - эксперименталды ғылым. Адамзаттың осы заңдылықтарды ашудағы ғылыми жетістіктері адам баласы үшін күнделікті тұрмыс тіршілігіне қажетті қарапайым еңбек құралдарынан бастап түрлі деңгейдегі техникалық құралдар мен қондырғылар жасауы адамның құдіреттілігін көрсетеді. Бүгінгі таңдағы жан - жақты саладағы жаңа заманауи техникалардың атап айтсақ ауыл шаруашылық машиналары, су асты мен үсті, әуе техникалары, нанотехнология т, б білім мен ғылымның дамуының айқын себептері. Осындай құралдар мен есептеулердің нәтижесінде адам баласы бізді қоршаған орта – табиғат туралы біршама жаңалықтарды ашты, әлі де табиғаттың ашылмаған қыр - сырларын ашуда.

Мектептегі жаратылыс тану пәндерін, соның ішінде физика мен астрономия және технология пәндерін игеру – бұл физикалық құбылыстар мен заңдылықтарды түсініп қана қою емес, сонымен бірге оларды бақылау, зерттеу, тәжірибелер мен эксперименттер арқылы қорытынды жасау және іс жүзінде қолдана білу. Осы орайда бес саусақ бірдей емес демекші, бәрі де бала болғанымен тумысынан техникаға үйір балалардың дүние танымдық көзқарасы ерекше болып келеді.

7 сыныпта физика мен астрономия пәндері жүрісімен техникаға бейім балалар не нәрсеге де мән беріп; ол қалай жұмыс істейді, құрылысы қандай, неден жасалған т, б сан түрлі сұрақтарды жаудырып қанағаттанған жауап алғанша мазасызданып, кейін түсінген соң көңілі жай тауып, енді оны жасамасқа болмас па екен деп әрекеттенеді. Сондықтан ұстаз болған соң мұндай балалармен шығармашылықпен жұмыс жасауға тура келеді. Үйірме - баланың шығармашылық жұмысы. Техникалық үйірме баланың жан - жақты дамуына, техника тілін меңгеруге байқағыштығын, ой - өрісін дамытады. Іздену мен еңбек ету арқылы түрлі техникалық модельдерді дұрыс құрастыру, оның жұмыс істеу принципімен танысады және өндіріс пен тұрмыста қалай пайдалану керектігін үйренеді.

Оқушыда физика сабағында өтілген тақырыптардағы заңдылықтарды оқып, сызып, есептер шығару арқылы түсінік қалыптасады, ал сол заңдылық бойынша қандай да бір қозғалысқа келетін модель құрастырса, оның берер әсері тіптен басқаша. Мысалы, 9 сыныптағы «Реактивті қозғалыс» тақырыбы. Бұл қозғалыстың механикалық немесе жылулық қозғалысқа қарағандағы табиғаты тіптен бөлек. Осы сабақты өткенде оқушылардың өздері кәдімгі су сақтайтын пластикалық ыдыстан зымыранның моделін, әдейі тығынын жасап оның ішіне су құйып және сорғымен қысым түсіріп тығынын босату арқылы қозғалысқа келтіріп әуеге зымырата ұшырғандағы қуаныштары, алған әсерлері, зымыран жасаған балалардың мақтаныштары осы тақырыпты толық меңгергендігінің айғағы.

Оқушылардың физика пәніне деген қызығушылығының одан сайын артатынын көрсетеді. Мектебімізде «12 сәуір Ғарышкерлер күні» мерекесінде жыл сайын дәстүрлі түрде мерекеге байланысты зымырандар ұшырамыз. Бұл шараны барлық оқушылар, әсіресе бастауыш сыныптар мен 5 - ші, 6 - шы оқушылар асыға күтеді. Өздерінің мұғалімдеріне «Біздер қашан физиканы оқимыз» деп физика пәнін ерекше құрметтейді.
Физика пәнінің теориялық бөлімдерін мүмкіндіктерге қарай, осындай практикалармен ұштастырса оқушылардың пәнге деген қызығушылығының артатын көруге болады.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама