Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Оқушылардың қызмет нәтижесін бағалау
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қазалы ауылы,
№100 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі
Бердешева Жадыра Молыбекқызы

КІРІСПЕ
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары жасалып, білім беру мекемелерінің тәжірибесіне енуде. Жаңа технологияны меңгеруге мұғалімнің интеллектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани, азаматтық және де басқа да көптеген адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді. Жаңа технологиялар теориялық тұрғыда дәлелденіп, тәжірибеде жақсы нәтиже беруде.
Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ үрдісінде пайдалану үшін, әр мұғалім алдында отырған оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, педагогтық мақсатына, мүддесіне сай өзінің шеберлігіне орай таңдап алады. Бұл жаңа технологиялар – оқушылардың шығармашылық қабілетін терең ойлай білуін, теориялық негіздерін, эстетикалық көзқарастарын пайымдау, баға беруін танымдық белсенділігін дамытуға бағытталған.

Жалпы білім беретін мектептердегі оқу - тәрбие үрдісін жаңаша таныту, оның нәтижесінің жоғары деңгейде болуын қадағалау жаңашыл педагогтардың қолында. Олар педагогикаға «Жаңа технология» терминін енгізді. Бұл жаңашыл педагогтардың мақсаты – оқушылардың алатын білімін сапалы ету, оның толық қанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз алу. Осыған орай жаңашыл педагогтардың педагогикалық технологиялары көп деп саналады. Мысалы айтар болсақ: В. Занковтың «Дамыта оқыту технологиясы», Ш. Амоношвилидің «Білім беруді ізгілендіру технологиясы», М. Жанпейісованың «Модульдік оқыту технологиясы» және де «Сын тұрғысынан ойлау бағдарламасы», т. б көптеген технологиялар енгізілді.
Бұл педагогикалық жаңа технологиялар бастауыш сынып мұғалімдерінде мынадай қағидаларды ұстанады.
- оқуға шығармашылықтың енуі
- мұғалім мен оқушының арасындағы ынтымақтастық
- өзара әрекеттестік сипатындағы жаңа әлеуметтік қатынастардың пайда болуы
- жеке тұлғаның дамуына жағдайдың туғызылуы
яғни жеке тұлғаға бағытталған оқу тұлға дамуының сыртқы әсерімен бірге оқушының ішкі түрткілері негізінде жүргізілуі. Сонымен педагогикалық жаңа технология дегеніміз – тәжірибеде жүзеге асырылып нәтиже беретін оқушылардың қызмет нәтижесін бағалаудың педагогикалық жүйесінің жобасы. Ал бағалау дегеніміз керекті мәліметтер жинап, сол мәліметтер арқылы оқушының жетістігін бағалап, оқу бағдарламасының нұсқаулық құрамдас бөліктерін бағыттау үшін қолданылатын әдіс.

Осы талаптарды ескеріп, эссені тіл дамыту сабақтарында жаздырып, бағыт беріп отырдым. Нәтижесінде оқушылар ойындағы пікірін, айтқысы келген ойларының түйінін эссеге қысқаша жаза білуді үйрене бастады. Оқушылардың эсселерін бағалау түрімен бағалайтын болсам, алғашқы кездері жазған эссенің қорытындысы бойынша
Сынып оқушыларының көрсеткіші төмендегідей болды
23%- ойын толық жеткізді, 47%- ойларын толық жеткізбесе де белгілі бір пікірі бар, 30%- ойын толық жеткізе алмаған.

Портфолио арқылы бағалау
Бағалаудың келесі түрі - портфолио арқылы тексеру. мұндағы мақсат - оқушының портфелінен сын тұрғысынан ойлай алатынын дәлелдейтін жұмыстарды көру.
Бағалау портфолиосы - уақыт арасындағы баланың ждақат - әрекеттерін, жетістігінің ілгерілегендігін көрсететін жұмыстарының жиынтығы. Осы портфолио ішіне салынатын жұмыс үлгілерін таңдау процесіне мұғалім де, оқушы да қатысқаны дұрыс. Бастауыш мектептерде бағалау портфолиосы төмендегі түсініктердің басын қосуы тиіс:

- Бағалау баланың білімін, түсінігін және сенімділігін арттыруға себін тигізуі тиіс
- Бағалау өте маңызды мақсаттарға бағытталып, әртүрлі ақпарат ресурстарына арқа сүйенуі тиіс
- Бағалау бала дамуын қамтамасыз ететін, сәйкес нұсқау тәжірибелерін ұсынып, қолдауы тиіс
- Ата - аналар мен оқушылар бағалау процесінде ең маңызды серіктес болып келеді.
Бағалаудың мақсаты - оқушыларға өз - өздеріне бағалауға мүмкіндік беру, басты бағыты - білім алушының тәуелсіз болуына мүмкіндік беру. Сонымен қатар дәлме - дәл бағалаудың маңызды
бөлімі баланың әсерін ескеру болып саналады. Портфолио түрінде бағалау ол оқушының жасаған жұмыстарының жиынтығына негізделген бала икемділігін бағалау әдісі. Мұның қаншалықты пайдалы, әрі ұтымды екендігін сынып мұғалімінің тәжірибесіне және мүмкіндігіне байланысты болады. Портфолионың қызмет ету мақсаттары:

- Нұсқау беру мен бағалаудың біріктірілуі
- Баланың жетістіктерімен сыныпта қолданылатын әр қилы жаттығулар туралы мәліметті оқушыларға, мұғалімдерге, ата - аналарға және де басқа шешім қабылдайтын адамдарға жеткізу
- Балаларға өздерінің жұмыстарына баға беруге мүмкіндік туғызу
- Баланың жалпы жұмысын жан - жақты бағалауға негіз құру.

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама