Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Оқушылардың шығармашылығы
М. Әуезов атындағы орта мектебінің
1 - сынып оқушысы: Қуантқанов Ерсұлтан Абай ауданы
Менің әжем
Жан әжем, мені өсіріп, баптаған,
Мен үшін өбектеп, тыным таппаған.
Сіздей асыл әжемнің болғанына,
Қуанып, шаттанам да, мақтанам,

Абай ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің
1 - сынып оқушысы: Орынбекова Нұрайым
Көктем
Келді міне, көктемім,
Нұрын шашар көкте күн.
Дүр сілкінді айнала,
Жасылға енді бөктерім.

Абай ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің
1 - сынып оқушысы: Берліқожа Ақберен
Атама
Атама жыр арнаймын,
Сертімнен берген таймаймын.
Ақтар ата үмітін,
Ұрпақпын деп ойлаймын.

Абай ауданы, М. Әуезов атындағы орта мектебінің
1 - сынып оқушысы: Бекенов Мәди
Анама
Талабымды құптаған
Сенсің, ана, тірегім.
Өлеңім көп жұптаған,
Саған бақыт тіледім.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама