Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Оқушыларға мінездемелер үлгісі
Сыныпқа мінездеме
Ақсай қаласының № 5 ЖОББМ 9 «Ғ» сыныбында 15 оқушы оқиды. Оның 8 қыз, 7 ұл бала.
Сынып оқушылары ұжым ішінде ұйымшыл, тәртіптері өте жақсы, әрбір оқушының ұйымдастыру қабілеті бар, жоғары дәрежеде. Мектепішілік, сынып аралық іс – шараларға сынып толық белсене араласып, әр оқушы өз қабілетіне қарай берілген жұмыстарды ұйымдастыра біледі. Сыныптан тыс уақыттағы қоғамдық жұмыстарға араласа біледі. Еңбек ету, үлкенге ілтипат, жолдастық көмек, кішіге қамқорлық көрсету дағдылары әр баланың бойында жақсы қалыптасқан. Бұндай қамқорлық сияқты жақсы қасиеттер әр уақытта барлық оқушы тарапынан көрініп отырады, жолдастық көмек көрсетуге дағдыланған.
Сыныптық дәстүрлі мерекелері: күнтізбелік мерекелер, әрбір оқушының туған күндері болып саналады. Бұл күндері барлық ұжым мүшелері ұйымшылдықпен мерекелік дастарқан түрінде өткізеді. Мерекелік жалпы қалалық дәстүрлі жиындарға, айлық, жарыстық конкурстарға қатысып отырады.
Мектептен тыс үйірме, секция, түрлі клубтарға қатысып, танымдық қабілеттерін ұштап отырады.
Сонымен қатар сынып оқушыларының қоғамдық мүлікті ұстауы, бөлме өсімдіктерін күту, сынып тазалығына, мектеп ауласын көгалдандыру, көркейту кезеңдеріндегі жұмыстарға жауапкершілікпен қарап, ұқыптылықпен атқарады.
Сынып жетекшісі: Д. С. Кусаинова

Ақсай қаласы № 5 жалпы орта білім
беретін мектебінің 9 «ғ» сынып оқушысы
----------------------------
Мінездеме
Венера, осы мектепте 1 - сыныптан бастап оқиды. Венераның мінезі ашық,
жүрегі кең - пейілді оқушы деуге болады. Венера 1 сыныптан бастап оқу екпіндісі болып келеді. А. Венера мектепте оқып жүрген уақыт ішінде өзін жақсы жағынан көрсете білді. Өзіне берілген тапсырмаларды тиянақты орындайды, мектепте өтетін іс - шараларға белсене араласады, берілген қоғамдық жұмыстарға жауаптылықпен қарайды. Сынып ішінде, оқушылар арасында беделді, өзінің білімімен жан-жақты оқушы екенін көрсетіп, кішілерге қамқор көрсетіп, үлкендерге құрмет көрсетеді. Венера әдеби кітаптар оқығанды ұнатады, үйінде ата - анасына үй шаруасы жұмыстарын жасауға көмектеседі.
Сынып жетекшісі: Д. С. Кусаинова

Ақсай қаласы № 5 жалпы орта білім
беретін мектебінің 9 «ғ» сынып оқушысы
-------------------------------
Мінездеме
Мәкімов Ақжол Жарасұлы 2000 жылдың 25 қаңтарында дүниеге келді.
Ақжол осы мектепте 1 сыныптан бастап оқиды. Ол сабырлы, мейірімі мол, сыныптастарының арасында беделі бар оқушы. Мектеп шараларына белсенді қатысып қана қоймай, мектеп өміріне жауапкершілікпен қарайды.
Ақжол сынып старостасы. Сынып ішінде туып жатқан қиындықтарды, сынып жетекшісімен бірге шешім қабылдауға көмегін тигізеді. Сонымен қатар, ол әрбір спорттық шараларға қатысып қана қоймай сурет салғанды ұнатады. Ақжол толық отбасында тәрбиеленеді, ол ата - анасына үй шаруасымен көмектеседі. Жалпы, Ақжол сырлы мінез, сыныптастары мен мұғалімдердің құрметіне бөленіп жүрген оқушы.
Оқу барысында, білім деңгейі көрсеткіші орташа болса да, бұл оқушының жалпы білім деңгейі жоғары, себебі Ақжол көп кітап оқығанды ұнатады, өз білімін жан – жақты жетілдіреді.

БҚО, Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының
№ 5 ЖББМ қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Кусаинова Даурия Сагынтаевна

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама