Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Өркендер мен бүршіктер
Қысқа мерзімді сабақ жоспары
Сабақтың тақырыбы: Өркендер мен бүршіктер

Биология 6с. К. Жүнісқызы, Р. Әлімқұлова, Қ. Жұмағұлова.
Жалпы мақсаттар Өркен және олардың түрлеріне және бүршіктің түрлеріне тоқтала отырып, бүршіктің ішкі құрылысы жайлы түсінік беру. Сарамандық жұмыстарды сауатты орындау дағдыларын жүйелі қалыптастыру.
Оқыту нәтижесі - оқушылар өркен және олардың түрлерін, бүршіктің түрлерін, бүршіктің ішкі құрылысын толықтай білді.
- оқушылардың өздігінен оқу, іздену дағдылары
қалыптасты.
- дәлелдемелер көрсетіп, ашық пікір айтып, ортақ шешімдер жасайды.
- білімдерін өмірде қолдана алуы.
Негізгі идеялар Оқушылардың топтасып, жұптасып, жұмыс жасау дағдыларын дамыту, диалогтық қарым - қатынас орнату, өздігінен іздену, дайындалу қабілеттерін шыңдау.
Тапсырмалар Өркен мен бүршіктің құрылысы мен түрлерін, атқаратын қызметін, ішкі құрылысымен танысып білуге арналған топтық, жұптық, диалогтық тәсілдерге арналған тапсырмалар, ортақ бағалау парағын толтырады.
Кейінгі тапсырмалар Слайдтар жасау, қосымша материалдар жинақтау.

Мұғалімнің іс - әрекеті
Сыныппен сәлемдесу
Психологиялық дайындық.

Әр түрлі суреттер арқылы топтарға бөлу

Бағалау критерийлерімен таныстыру.
Ортақ бағалау парағы

15 - 20 - өте жақсы
10 - 14 - жақсы
6 - 9 - қанағаттанарлық
5 - төмен
«5»- Толық, жан - жақты жауап беретін, терең түсінетін, көрсеткенді сауатты баяндағанда қойылады.
«4» - Жақсы, кейбір дәл емес, жеңіл қателері болғанда қойылады.
«3» - Оқу материалдары негізінен меңгерілген, елеулі қателіктер жіберілген.
«2» - Тексерілген білімнің елеулі бөлігінен меңгермеген.
1. «Қызығушылықты ояту» ханталапай ойыны арқылы оқушылардан үй тапсырмасы сұралады.
- Тамыр өсімдіктің қандай мүшесі?
- Тамыр шығу тегіне орай нешеге бөлінеді?
- Қоректік заттарды қорға жинайтын тамырды ата?
- Тамыр жүйесі деген не?
- Кіндік тамыр деген не?
- Шашақ тамыр деген не?
- Тамыр бөлімдерін ата?
- Тамыр түрөзгерістері деген не?
- Жем тамыр қандай өсімдіктерде болады?
- Түйнек тамыр деген не?
- Емізік тамыр деген не?
- Тіреу тамыр деген не?

2. «Ой ашар»
Көктемде өсімдіктерде қандай өзгерістерді байқауға болады?
2. Мағынаны тану. Жаңа тақырыпты тірек - сызба арқылы түсіндіру.
Жапырағы мен бүршігі бар бұтақтанбаған жас сабақты өркен дейді. Өркеннің негізгі орталық тірек бөлімі – сабақ.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама