Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Өрнек (қайталау)
Сабақтың тақырыбы: Қайталау.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың өткен сабақтар бойынша алған білімдерін тексеру.
2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, есте сақтау, іскерлік дағдыларын, пәнге деген қызығушылығын арттыру. Топпен жұмыс істей білуге дағдыландыру.
3. Тәрбиелілік: Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, еңбекқорлыққа, тапқырлыққа, алғырлыққа тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Қайталау сабағы
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, көрнекілік, СКТ
Көрнекілігі: интерактивті тақта, топтамалар.

Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
ІІІ. Білімдерін жан - жақты тексеру.
ІҮ. Сабақты бекіту.
Ү. Үйге тапсырма.

І. Ұйымдастыру кезеңі
а) сәлемдесу
ә) түгендеу
б) сабаққа даярлау
в) керекті құрал - жабдықтарын түгендеу
г) зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
№3, 91 бет Қатені тап және түзет.
3+2= 4 5 8 - 2=5 6 10 - 2= 7 8 4 - 2= 1 2

ІІІ. Білімдерін жан - жақты тексеру.
№1, 92 бет. Оқы. Есептерді салыстыр және шығар.

а) 6 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді. Тағы 2 бала келді. Барлығы неше бала болды?
б) 8 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді. 2 бала үйіне кетті. Неше бала қалды?

Сұрақтар қою: І - топ: - Бірінші есепте не туралы айтылған?
- Есепте төбешікте сырғанап жүрген балалар туралы айтылған.
- Қанша бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді?
- 6 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді.
- Сырғанаққа тағы неше бала келді?
- Сырғанаққа 2 бала келді.
- Есепте нені сұрап тұр?
- Барлығы неше бала болғанын сұрап тұр.

Дәптермен жұмыс.
Болды - 6 бала
Келді - 2
Барлығы -? бала
Шешуі: 6+2=8
Жауабы: 8 бала.

ІІ - топ: - Екінші есепте не туралы айтылған?
- Есепте төбешікте сырғанап жүрген балалар туралы айтылған.
- Қанша бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді?
- 8 бала төбешіктен шанамен сырғанап жүр еді.
- Неше бала үйіне кетті?
- 2 бала үйіне кетті.
- Есепте нені сұрап тұр?
- Неше бала қалғанын сұрап тұр.
Болды - 8 б.
Кетті - 2 б.
Қалды -? бала
Шешуі: 8 - 2=6
Жауабы: 6 бала қалды.

№3. 93 бет. Бір бағанға тура, ал екінші бағанға тура емес теңсіздіктерді жаз.
76
63
4<>
5<>
Логикалық сұрақ: Бір үйдің 6 ұл баласы бар. Олардың әрқайсысының бір қарындасы бар. Осы үйдің барлығы неше баласы бар?
Жауабы: Барлығы 7 баласы бар.

ІҮ. Сабақты бекіту.
Кел ойнайық! «Балдырғанға көмектес!» Нөмірі 6-дан артық емес сыйлықты тап.
3+2=5
7 - 4=3
6 - 3=3
- Сонымен, бүгін сабақта не үйрендік, не білдік?
Ү. Үйге тапсырма.
Оқушыларды бағалау.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама