Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Өрнекті теңбе-тең түрлендіру
Сабақтың тақырыбы: Өрнекті теңбе-тең түрлендіру
Математика 6 сынып
Сілтеме: Жоспар
Сабақтың мақсаты:
• Өрнекті теңбе-тең түрлендіру үшін негізгі ережелерді білу
• Алгебралық өрнектерді ықшамдап, оған теңбе-тең өрнектерді табу
• Мәтінді есептерге алгебралық өрнек құрастыра алу, құрастырылған өрнекті түрлендіру
Күтілетін нәтиже:
• Өрнекті теңбе-тең түрлендіру үшін негізгі ережелерді біледі
• Алгебралық өрнектерді ықшамдап, оған теңбе-тең өрнектерді табады
Мәтінді есептерге алгебралық өрнек құрастырып, құрастырылған өрнекті түрлендіреді
Әдіс – тәсілдер:
• Ойлан - бірік - бөліс, топпен жұмыс,
• Сөздің жалғасын тап, қатені қағу.

Сабақ бойынша мұғалімнің жазбалары:
1. Ұйымдастыру (3 мин)
1. 1. Сәлемдесу
1. 2. Сынып оқушыларына жағымды ахуал туғызу
1. 3. Топқа бөлу
2. Психологиялық тренинг (1 мин) (оқушылардың сабаққа және өмірге деген құлшынысын арттыру)
Қуанайын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық бәріміз,
Арайлап атқан күнге,
3. үй тапсырмасын тексеру (4 мин)( оқушылар жұптасып оң жағындағы оқушының дәптерін алмасып тақтадағы дұрыс жауапқа қарап тексереді)

4. «Сөздің жалғасын тап» (2 мин) (қайталау сұрақтары сұралады)
1. Қосылғыштардың таңбалары бірдей болса, қосынды таңбасы.........................
2. Қосылғыштар таңбасы әр түрлі болса, қосынды таңбасы..................................
3. Таңбалары бірдей сандар көбейтілсе, көбейтінді.................... таңбалы болады.
4. Жақша алдында «-» таңбасы болса.......................................................................
5. Жақша алдында «+» таңбасы болса.......................................................................
6. Әріп бөліктері бірдей қосылғышты................................................... деп атайды.
7. Ұқсас қосылғыштарды қосу үшін:.................................................,,......................
5. «Ғажап мақсат»(4 мин) Есептерді шығару арқылы ғажап сандар туралы мәлімет алады.

Математика пәні мұғалімі Әбдіқожаева Айгерім

Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама