Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Өрт қауіпсіздігі туралы жалпы ережелер мен мәліметтер
Өрт қауіпсіздігі туралы жалпы ережелер мен мәліметтер

Өрт қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету адамдардың өмiрi мен денсаулығын, меншiктi, ұлттық байлық пен қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi мемлекеттiк қызметтiң ажырамас бөлiгi болып табылады.

Өрт - тілсіз жау
Өрттің қай жерде және қашан шығуын болжау мүмкін емес. Ол кез келген уақытта қауіпсіздік және техникалық ережелерді сақтамаған кезде болып тұратын жайт. Оны болжау да, дәл айту да мүмкін емес.

Өртке байланысты негізгі, әрі қысқаша мағлұматтар
өрт - адамдардың өмірі мен денсаулығына, қоғам мен мемлекеттің мүдделеріне зиян, материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану;
ерікті өрт сөндіруші - өрттің алдын алу және (немесе) сөндіру жөніндегі қызметке ерікті негізде (еңбек шартын жасаспай) тікелей қатысатын азамат;
өртке қарсы ерікті құралымдар - азаматтардың елді мекендерде және ұйымдарда өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға қатысу нысаны;

өртке қарсы қызмет - белгіленген тәртіппен құрылған басқару органдарының, өрт сөндіру органының және оның облыстардағы (республикалық маңызы бар қаладағы, астанадағы) филиалдарының күштері мен құралдарының, соның ішінде өрттің алдын алу мен оны сөндіруді ұйымдастыруға, олармен байланысты бірінші кезектегі авариялық - құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өртке қарсы құрылымдардың жиынтығы;

Өрт қауіпсіздігі туралы жалпы ережелер мен мәліметтер. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама