Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Ортақ біздің жеріміз
Тақырыбы: «Ортақ біздің жеріміз»
Мақсаты:
Қазақстан Республикасындағы әр түрлі ұлт өкілдерінің ынтымақтастықпен, бірлікпен өмір сүріп жатқандығын түсіндіру.
Балаларды бірлікке, ынтымақтастыққа, достыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімдерін қалыптастыру.
Барысы:
Жүргізуші: Бірінші мамыр!
Достықтың ұлы мейрамы
Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары
Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,
Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!- деп, «Ортақ біздің жеріміз» атты мерекелік ертеңгілігімізді бастаймыз. Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1 - мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын!
Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н. Ә. Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.
Әнұран орындалады

Жүргізуші: Қаһарман, қас батырға дабылы сай,
Арманға жетелейтін ағыны бай.
Мен сені қуанышпен қарсы аламын,
Ажарың ақ - шуақты мамырым - ай.
«Қазақ» биі

Жүргізуші: Ынтымақ, бірлік, достық, татулық
Бабалардан қалған дәстүр айтулы
Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр
Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы
«Орыс» биі

Жүргізуші: Күте тұғын асыға әр күнін біз,
Арналатын ең тәтті ән жырымыз
Мерекелі мерейлі айдың басы
Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!
Хор: «Бірінші мамыр»

Жүргізуші: Қазақстан Республикасын мекен еткен 130-дан астам ұлт өкілі күні бүгінге дейін ынтымақтастыққа, бір үйдің баласындай тату - тәтті жарасымды тіршілік кешіп келеді. Жүзі басқа болғаны мен жүрегі бір, тілі басқа болғанымен тілегі бір, мақсат - мүддесі ортақ, бірлігі мықты, достығы берік ұлттар қазақ елінің салт - дәстүріне, ұлттық құндылықтарына құрметпен қарайды, сондай - ақ қазақ халқының қарапайымдылығы, қонақжайлылығы, бауырмалдылығы үшін ерекше бағалайды, бастысы - өздері қоныс тепкен Қазақстан жерінің барлық ұланымен ауыз бірлікте, туыс болуды көздейді.
Қазір бізге қонаққа келіп отырған ұлт өкілдерін қарсы алыңыздар!
Ұлт өкілдері келіп, амандасады. Мерекеге өз тілектерін айтып, ұлттық билерін билейді.

Жүргізуші: Туған жердей жат елдің болмайтыны ақиқат
Оған көңіл толмайтыны ақиқат.
Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құс
Өскен бағы болмаса, қонбайтыны ақиқат!
«Өзбек» биі

Жүргізуші: Тілі басқа тілегі бір біргеміз,
Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.
Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп
Татулықтан бұзылмасын іргеміз.
Хор: «Дос болайық бәріміз»

Жүргізуші: Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,
Кімдер қашсын қазақтайын ер елден
Достығымыз ғасырларға жарасқан
Туған елім, шарықтай бер кемелден!- деп, 1 - мамыр бірлік күніне арналған ертеңгілігімізді аяқтаймыз. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама