Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ортақ етіс
Жас ұстаз
Қазақ тілі 6 - сынып
Сабақтың тақырыбы: Ортақ етіс
1. Білімділік: Ортақ етістің жасалу жолын меңгерту, етістерді бір - бірінен ажырата білу үшін практикалық жұмыстар жүргізу.
2. Дамытушылық: оқушылардың өзіндік ой - пікірін, көзқарасын, таным - талғамын қалыптастыру, сөз қорларын молайту, белсенділігін арттыру.
3. Тәрбиелік: тіл мәдениетін жетілдіру, өзгенің пікірін тыңдауға, қайырымды, кішіпейіл болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Сабақтың әдісі: СТО технологиясының элементтерін қолдану
Пәнаралық байланыс: тарих, әдебиет.
Сабақтың көрнекілігі: ребус, доп,

Сабақтың барысы:
I Ұйымдастыру кезеңі.
а/ оқушылармен сәлемдесу, түгендеу.
ә/ психологиялық даярлық.
ІІ Үй тапсырмасы.
Өткенді қайталау. «Допты қағып алу» әдісі бір - біріне сұрақтар қояды, тақырыптарды қорытындылайды.

ІІІ Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту. Ребусты шешіңдер.
Шешімі: Ортақ етіс.
Мағынаны тану. Ойлан, жұптас, талқыла.
Ортақ етіс. Қимыл, іс - әрекеттің иесі, орындаушысы біреу емес, бірнешеу болып, - ыс, - іс, - с жұрнақтары арқылы жасалатын етістің түрі ортақ етіс деп аталады. Мысалы: Омар мен Оспан хат жаз - ыс - ты. Қыз бен жігіт сөйле - с - ті. Ол бізге үй сал - ыс - ты. деген сөйлемдердегі жазу, сөйлеу, салу қимылдары бір ғана субъект (іс иесі) тарапынан емес, бірнеше орындаушы (Омар мен Оспан, қыз бен жігіт, ол мен біз) арқылы іске асатынын көрсетеді.

IV Топтық жұмыс. Ортақ етістерді табу, морфологиялық талдау жасау.
№1. Енді батыр екпінмен
Жақындасып қалысты.
Шегінісіп екеуі
Еменнен найза салысты.
Итерісіп тұрысты
Ат тізесін бүгісті.

№2. Бүгісе - бүгісе тырысты
Біріне - бірі ұмтылып,
Тақымдары құрысты.
Он саусағы қарысты,
Жаннан күдер үзісті.

№3. Тайынбай найза салысты.
Біріне - бірі лағып,
Екі найза қағысты.
Осыменен екеуі,
Біраз жерге барысты.
Найзаларын тастасып
... Жақындасып қалысты

Жаттығулар орындау. 243, 244 - жаттығулар.
V Бекіту. Семантикалық карта.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама