Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Өсімдіктер
Сабақтың тақырыбы: Өсімдіктер
Сабақтың мақсаты:
а/ Білімділігі: Оқушыларға өсімдіктер әлемі оның түрлері туралы мәлімет беру. Өсімдіктер түрі көп болғанымен, негізінен бүкіл өсімдік үш топқа бөлінетінін оқушылардың жас ерекшелігіне лайықты деңгейде түсіндіру. Өсімдік туралы білімдерін кеңейту. Өсімдіктердің пайдасы және оны қорғау туралы ұғымдар беру.
ә/ Дамытушылығы: Қосымша тапсырмалар беру арқылы ойлау қабілеттерін, сөздік қорларын молайту. Оқушылардың қоршаған орта туралы ұғымдарын дамыту.
б/ Тәрбиелігі: Эстетикалық тәрбиеге негіз салу. Өсімдіктерді қорғауға, сүюге, табиғатты аялауға тәрбиелеу
Әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, көрнекілік. тірек сызба
Түрі: жаңа сабақ.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, суреттер, жұмбақтар, Венн диаграмасы, семантикалық карта.
І. Сабақ барысы: 1. Ұйымдастыру бөлімі.

Психологиялық дайындық.
Қоршаған орта табиғат,
Жануарлар, өсімдік, адамзат сүю, қорғау – парасат.
Білейік мұны жамағат.

2. Үй тапсырмасы. Бізден - сұрақ, сізден - жауап.
а/ Күзгі құстар мен жануарларының тіршілігі.
ә/ Қыстап қалатын құстарды ата.
б/ Жыл құстарын ата.
в/ Ұйқыға кететін жануарларды ата.
г/ Түсін өзгертетін немесе түлейтін жануарларды ата.

Тест жұмысы. Оқушыларға топшама таратылып беріледі.
1. Адамның есту мүшесін ата?
1) көз 2) құлақ 3) мұрын
2. Ауа температурасы немен өлшенеді?
1) қолмен 2) көзбен 3) термометрмен
3. Күзгі жапырақ түсі қандай болады?
1) жасыл 2) сары 3) көк
4. Өлі табиғатқа не жатады?
1) күн 2) ауыл 3) жануар
5. Тірі табиғатқа не жатады?
1) өсімдік 2) тау 3) су

ІІ. Жаңа сабақ.
Қызығушылықты ояту.
Жұмбақтар:
1. Өзіне шап - шақ,
Киген қалпағы аппақ,
Балалар тұр қаптап. (Бақбақ)

2. Бұтағы ілген үлпершек,
Іші нәрлі қызыл сөл,
Теріп ашып үлгірсек (Бүлдірген)

3. Дауылға да, аязға да,
Шыдап бағар міз бақпай.
Тау етегі тұрағы,
Жап - жасыл боп тұрады.
(Қарағай)

4. Қысы - жазы шешпейтін,
Көйлегі бар жасылдан.
Өзгертпейді еш кейпін,
Жаралғандай асылдан.
(Шырша)

Жұмбақтар шешілген соң, бүлдірген, қарағай, шырша, бақбақ суреттерін тақтаға ілінеді.
- Балалар осы тақтаға ілінген суреттер нелерге жатады?
- Өсімдіктерге жатады.
- Өсімдіктер қандай табиғатқа жатады?
- Өсімдіктер тірі табиғатқа жатады.
Өсімдіктер - табиғаттың жанды денелері. Олар қоректенеді, тыныс алады, өседі, көбейеді, қурайды. Өсімдіктердің өсуіне топырақ, су, жылу, ауа, күн көзі керек. Өсімдіктер үш топқа бөлінеді.

Өсімдіктер

• Ағаштар
• Бұталар
• Өсімдіктер

Ағаштар, бұталар саябақтарда, орманда, бақта өседі. Ауыл мен қала көшелеріне қарағаш, тал, жөке, қайың, емен ағаштары сән беріп тұрады. Ал раушангүл, шырғанақтың гүл шоғырлары ерекше жұпар иіске бөлейді. Оларға аралар, көбелектер, жабайы аралар келіп қонады. Олар гүлдің дәмді шырынын сорады.
Шөптес өсімдіктер барлық жерде өседі. Олардың көбі ашық түсті әдемі гүл ашады. Ерте көктемде бақбақ, қоңыраугүл, қызғалдақтар гүлдейді. Олар табиғаттың ажарын аша түседі.
Дәптермен жұмыс.
Оқушыларды 3 топқа бөлініп топшама беріледі.
1. Ауа райын анықтайды.
2. Оқушылар топшамадағы суретін бояп және оның түрін ажыратып, салыстырып әңгімелейді.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама