Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Өскемендік мұғалім туған күніне планшет сыйлауды сұраған

Өскемендік мұғалім оқушыларының ата-аналарына жаңа гаджетке ақша жинау туралы ұсыныс жасаған, деп хабарлады Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің департаменті.

Бұл туралы ustinka.kz сайты хабарлайды. 

Мұндай сорақы қылық туралы облыстық мектептер мен балабақшалардағы сыбайлас жемқорлықпен күреске арналған семинар-жиналыста департамент басшысы Тоқтамыс Жұмағұлов хабарлады.

- Әрине, әр ата-ананың өмір сүру деңгейі әр түрлі, - деді шенеунік. - Кейбір ата-ана үшін мұндай сыйлыққа ақша жинау түк емес, ал кейбір ата-ана наразылықтарын білдірді. Сыйлық үшін түрлі дау-дамай орын алды, мұны жасырып қалу өте қиын. Т.Жұмағұлов мұғалімнің бұл қылығына жол берілмейтінін айтты.

Ол мектеп директорларын өз қызметкерлерімен сөйлесуге, облыс мектептеріндегі алым-салықты тоқтатуға шақырды. 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама