Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Осьтік симметрия және центрлік симметрия
Математика 6 сынып
Сабақтың тақырыбы: Осьтік симметрия және центрлік симметрия
Білімділік мақсаты: Түзуге қатысты симметриялы фигураларды сала білуге, осьтік симметриялы фигураларды тануға үйрету
Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың ойын дамытуға, тапқырлық, байқағыштық қабілетін дамытуға, ой - өрісін кеңейтуге тәрбиелеу
Тәрбиелік мақсаты: Оқушыларды дәлдікке, ұқыптылыққа, әдемілікті сүюге, топпен жұмыс жасай білуге тәрбиелеу
Көрнекілігі: слайд, миллиметрлік қағаз, сөзжұмбақ, сызғыш, қарындаш, қайшы,
ақ парақ, кубик, т.б.
ЖОСПАР:
I. Ұйымдастыру
II. Үй тапсырмасын тексеру
III. Еске түсіру «Өрмекші торы» стратегиясы және сөзжұмбақ
IV. Ой шақыру, симметрияның үйлесімділігі
V. Сергіту сәті
VI. Есептер шығару «Кубизм стратегиясы»
VII. Практикалық тапсырма
VIII. Тест тарсырмаларын орындау
IX. Үйге тапсырма
X. Бағалау, сабақты аяқтау

Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
а) Оқушылармен амандасу
ә) Оқушыларды түгендеу
2. Үй тапсырмасын тексеру
(оқушылардың топтық жұмыс бойынша дайындаған слайдтары мен практикалық тапсырмаларын тексеру)

3. а) Еске түсіру бөлімі: Сөзжұмбақ шешу арқылы үй тапсырмасын сұрау және жаңа сабаққа керекті материалдарды қайталау

ә) «өрмекші торы» стратегиясы
1. ОХ осінің атауы – абсцисса
2. ОУ осінің атауы - ордината
3. Жер қабатының қозғалысын бақылау құралы - сейсмограф
4. Жүрек соғуының графигі - кордиограмма
5. Ауа - райын бақылау құралы - термограф
6. Нүктенің жазықтықтағы орны - координата
7. Жазықтықтың координаталық осьтермен бөлгендегі бөлігі - ширек
8. Екі шаманың арасындағы тәуелділікті координаталық жазықтықта сызықпен кескіндеу - график
9. Бір - бірімен тік бұрыш жасап қиылысатын екі түзу - перпендикуляр

 Сонымен, балалар сөзжұмбақты шешкен кезде ортадағы ерекше тор көздерден қандай сөз оқыдық?
 Симметрия!
 Олай болса, біздің бүгінгі қарастырғалы тұрған сабағымыз симметрия сөзімен тікелей байланысты.

Біздер күнделікті өмірде дененің, фигураның бөліктері симметриялы деген сөздерді жиі кездестіреміз. «Симметрия» грек сөзінен алынған, «гормония» - бірдей өлшенеді, белгілі бір реттілікпен орналасқан деген ұғымды білдіреді.
4. Симметрияның үйлесімділігі. (слайд бойынша мәліметтер беру)

 Сергіту сәті: Күнделікті ойын элементтерінде өзіміз байқамасақта осы осьтік симметрия элементтерін пайдаланып жүрміз. Өздерің жасап, ұшырып ойнайтын қағаз ұшақты қарайық. (Қағаздан жасаймын, осін көрсетемін және ұшырамын).
 Міне, бұл симметрияның тең салмақтылығы мен беріктілігінің мысалы. Ұшақтар, тікұшақтар, зымырандар осы негізде, құстарды негізге ала отырып жасалған. Сонымен симметрия – тең салмақтылықтың, сұлулықтың, беріктіліктің мысалы екен.

Осьтік симметрия және центрлік симметрия. жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама