Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Отбасы – адамгершілік құндылықтарының негізі
Тақырыбы: Отбасы – адамгершілік құндылықтарының негізі
Мақсаты:
1. Бала тәрбиесінде ата - аналардың рөлін көрсету балалармен ортақ тіл табысуға үйрету
2. Ата - аналарды балаларға жауапкершілікпен қарауға шақыру.
3. Баланың бүгінгі істеген қадамы ертеңгі тұлға ретінде қалыптасуына үлкен әсер ететінін атап өту.
Міндеті:
1. Балаларды адамгершілікке тәрбиелеудегі ата - ананың жауапкершілігі.
2. Мектепте ата - ананың оқу - тәрбие саласындағы рөлі.
3. Алдағы уақытта оқушыларды тәрбиелеуде мұғалім мен ата - ананың бірігіп жұмыс жасауы.
Көрнекілік құралдар: Интербелсенді тақта, үлестірмелі қағаздар, плакат, қима қағаздар
Әдіс - тәсілдер: Пікірлесу, сұрақ - жауап, «Ұлпа қар» ойыны, ой бөлісу, постер қорғау

Жиналыс барысы
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Ата - аналарды ортаға шығарып, шеңбер тәріздес етіп тұрғызу, яғни «Шаттық шеңберін» құру;
- Сәлеметсіздер ме, құрметті ата аналар, қонақтар! Бүгінгі жиналысты ерекше өткізгім келіп тұр. Мен 6 «А» сыныбына жетекшілік жасағаныма көп болған жоқ, сіздермен бірінші рет кездесіп тұрмын. Сондықтан алдымен танысу ретімен бастасақ. Ол үшін алдымен интербелсенді тақтадағы «мен кіммін» және «мен қандаймын» деген сұрақтарға жауап береміз.
- Мен Маханбетова күнсұлу Нұрадинқызы қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
Кезекпен ата - аналар кімнің ата – анасы екенін және кім екендерін және қандай екендерін айтады.
Кіріспе сөз. Мұғалім: Ұлы Абай: «Бір ғана қуанышым бар ол - менің балаларым»- деген екен. Әрбір ата - ана баласының денсаулығы мықты, ең жақсы болуын, талапты болып өсуін арман етеді. Менің ойымша, құрметті ата - аналар, сонымен қатар оның жақсы адам болып өсуін арман ету керек, ол адамдарға және қоғамға пайда келтіріп, «Адам» деген жоғары атаққа ие болып, барлық өмір тіршілігінің сынақтарынан сүрінбей өтіп, жетістіктерге жетеді.
Баланың болашағы әрине мектепте алған білімі мен тәрбиесіне де байланысты. Сондықтан 6 «А» сынып оқушыларының ІІІ тоқсан бойынша үлгірім көрсеткішіне назар аударайық.
- Оқушылар үлгірімінің мониторингісін интербелсенді тақтада көрсетіледі.
- Ата - ананың оқушы табелімен танысып, қол қою.

«Ұлпа қар» ойыны
- Ал енді қазір сіздермен «Ұлпа қар» ойынын өткіземін. Қолдарына ақ қағаздан таратып, менің нұсқауыммен тапсырмаларды орындайды. Әркім өз түсінгені бойынша сұрақ қоймауы керек.
1. осы қағазды бір бүктеңіз
2. жоғарғы оң жақ бұрышын қиыңыз
3. бір бүктеп астыңғы сол жақ бұрышын қиыңыз
4. бір бүктеп жоғары сол жақ бұрышын қиыңыз
5. бір бүктеп оң жақ бұрышын қиыңыз
- Ал енді қағазды ашып не шыққанын байқайық, осы жерде кімнің ұлпа қары екінші адаммен ұқсас шықты. Ұқсамаған, бұдан не ой туады?
«Бауырсақ» ертегісі психологиялық тұрғыда. Ой бөлісіп, пікір алмасу
1 - ақиқат: Отбасы мүшелерін толықтыру мәселесіне саналы түрде көңіл бөлу
2 – ақиқат: Балаңызды ешқашан қараусыз қалдырмаңыз.
3 – ақиқат: Балаңызды қоршаған ортамен қарым - қатынас жасай білуге үйретіңіз.
4 – ақиқат: Адамдардың ниетін, жаман мен жақсыны тани білуге үйретіңіз.
5 – ақиқат: Балаңызға өздігінен өмірдегі әр түрлі келеңсіз жағдайлардан, оқыс оқиғалардан жол тауып шығып кетуіне үйретіңіз.

Топпен жұмыс.
Ата - аналарды үш топқа бөліп, үш тақырып бойынша постер қорғату. «Үлгілі ата - ана», «Үлгілі отбасы», «Үлгілі бала». Плакат беріліп, осы тақырып бойынша сурет, сызба, сөздер қолдануына болады.
Қорытынды сөз. Мұғалім: Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті. Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама