Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Отбасы - өмір аясы
Отбасы - өмір аясы

Мақсаты: Отбасылық тәрбиенің үздік үлгілерін насихаттау.
Ата - аналардың мектеппен тұрақты қарым қатынасын қалыптастыру
Өз туған үйлері мен отбастарына деген сүйіспеншіліктерін дамыту
Көрнекілігі: жақсылық, мейрімділік жайлы нақыл сөздер, суреттер, шарлар, гүлдер
Барысы:
Қайырлы күн, ұстаздарым, ардақты
Жас бүлдіршін білім қуған жан - жақты
Кәрі де жас, үлкен, кіші қаумалап,
Жанұялар сайысына кеп қалды.
Құтты болсын жанұялар мерекесі
Ата - ана шаңырақтың берекесі
Бала деген адамның бауыр еті,
Баламенен шаңырақ берекелі.

Құрметті ата - аналар, қымбатты оқушылар, аяулы ұстаздар «Отбасы - өмір аясы» атты отбасылық сайысқа қош келдіңіздер.
Әке - асқар тау
Ана - бауырындағы бұлақ,
бала жағасындағы құрақ - дей келе бүгінгі сайыскерлерімізді таныстырайық
1. Шебер тобы
2. Дарын тобы
3. Достық тобы
4. Инабат тобы
Сайысымызды бастамас бұрын сайысымыздың негізгі арқауы болып отырған сайыскерлерімізге әділ баға беру үшін әділқазылар алқасымен таныс болыңыздар
--------------------------------

Мен сіздерге бүгінгі сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейін.
І кезең
«Кім шапшаң»(бұл кезеңде берілген тақырыпқа жылдам мақал құрастыру керек)
ІІ кезең
«Жақсылық - жан жадыратады»(бұл кезеңде сурет салу арқылы жақсы адамның бейнесін бейнелеу)
ІІІ кезең
Психологиялық педогогикалық жағдаяттарды шешу
ІҮ кезең
«Кім тапқыр» ( бұл кезеңде сурет беріледі соны сөзбен немесе мимикамен түсіндіру)
Ал, балалар, балалар,
Мұнда назар салайық.
Ата жолын жалғайық,
Ел дәстүрін қорғайық
Кімдер зерек, кім жылдам,
Талаптарын байқайық.
Сонымен бірінші кезенді бастаймыз «Кім шапшаң»
1. Ел
2. Ана, әке
3. Еңбек
4. Сөз, тіл
5. Білім
6. Өнер
7. Дос
8. Жақсы, жаман қасиет
9. Орамал
10. Су
Келесі кезеңді ойынға берейік «Менің балам қайда екен»
Барысы: Анасының көзін байлап, өзінің баласын қолы арқылы табу керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама