Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 күн бұрын)
Отбасы құндылықтары. 4- тоқсан. 1-сабақ
Оқу мақсаты 5. Т/Ж2. Әдеби шығарманың тақырыбы мен идеясын анықтау.
Оқушы мақсаты Шығарманың тақырыбы анықтайды.
Идеясын өз көзқарасы ретінде жеткізеді.
Ақпарат көзі Оқулық: Қазақ әдебиеті 5 - сынып, Алматы «Атамұра», 2017ж.
Авторлары: А. С. Ақтанова. А. Қ. Жүндібаева
Жұмыс реті Сабақ мазмұны
Болжа
1 - тапсырма Ширату тапсырмасы «Әуенді атаңыз»
М. Беспаевтың «Жан ана» әнін тыңдаңыз.
- Ән кім туралы?
- Қандай сезімде болдыңдар?
- Әуен тақырыппен қалай байланысқан?
Балалар, бәрімізге қасиетті жан - ол ана.
Бәріңіз анаңызды қай уақытта сағынасыңдар?
(шалғайда жүргенде, алысқа ұзап кеткенде...)
Орында 3 Бүгінгі тақырып: Тынымбай Нұрмағанбетов «Анасын сағынған бала»
әңгімесі.
О 1 - тапсырма: Оқулықтың 123 - бетіндегі жазушының өмірбаяны жазылған ы мәтінді оқыңыздар.
Сұраққа жауап беріңіздер.
1. 1. Жазушы қай жерде дүниеге келді?
2. 2. Жазушының қандай шығармалары бар?
3. 2 - тапсырма: Оқулықтың 124 - 125 - 126 беттегі «Анасын сағынған бала» әңгімесінің 3 бөлімін мұқият оқып шығыңыздар.
Әңгіменің тақырыбы мен идеясын анықтау мақсатында берілген тапсырманы орындаңыздар.
3 - тапсырма. Берілген суреттерден әңгіме тақырыбына сай келетінін анықтаңыз. Әйел бейнесін шығармадағы ана бейнесімен байланыстыра отырып, шығарманың негізгі тақырыбы мен басты идеясын анықтаңыз. Қысқаша пікіріңді жаз.
4. Орындаған тапсырманы күнделікке жүктеңіз немесе WhatsApp нөмірге жібер.
Кері байланыс: Рефлексия. «Анаға гүл» Гүлдерге әркім бүгінгі сабақтан алған маңызды ақпараттарды және қызықты сәттерді, аналарына тілек жазып тақтаға іледі.

Павлодар қаласы, №14 ЖББОМ ММ.
Қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімі
Қайырбекова Ақмарал Абылайхановна

Сабақтың толық нұсқасын жүктеп алу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама