Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 1 ай бұрын)
Отбасылық альбомның кейіпкері

Шығыс Қазақстан облысы

Үржар ауданы

Лайбұлақ ауылы

«Лайбұлақ орта мектеп-бақша» КММ-сінің

11 сынып оқушысы: Қызырбек Гүлім Ақылбекқызы

Мұғалімі: химия-биология пәнінің мұғалімі

Мусалиева Нурлығаш Жуматаевна

 

«Отбасылық альбомның кейіпкері» (соғыстың ызғары маңдайына тиген отбасы мүшелері туралы әңіме)

Осыдан 70 жыл бұрын дүние жүзі тарихындағы ең сұрапыл қантөгіс соғыс аяқталды. Бұл мейрамды бұрынғы Кеңес Одағына 15 одақтас соғысы – халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Адамзат тарихында үлкенді-кішілі он бес мыңға жуық соғыс өткен екен. Бірақ солардың ішінде ауқымды, құрбандықтары мен алапаттығы жағынан ең жан түршігерлігі – екінші дүниежүзілік соғыс және оның құрамдас бөлігі –Ұлы Отан соғысы болды. Соғыс жылдары бізден бірте-бірте алыстаған сайын оған деген көзқарас та өзгеріп келеді. Жаңа кезеңнің бір қасиеті- баяғыда аян болған жағдаяттар жайлы шындықтың срңы қырынан көрінуі. Бұл айтылған тұжырым Ұлы Отан соғысының тарихында да тікелей, әрі толығымен қатысты. Осы күндері әр Қазақстандық, әр жанұя, барлық халық естен шығармас-1945 жылғы 9 мамырды жадында сақтап өмір сүріп келеді.

       Ананы баласынан, баланы әкесінен айырып, мыңдаған боздақтарды жер жастандырып, бөтен ел өмірімен, тағдырымен бағаланып, өте қымбатқа түскен ғаламат соғыстың жеңіспен аяқталғанына -70 жыл толды. Фашистік Германияны жеңуде басты күш халық бірлігінде еді. Бас көтерер ел ұландары арын да, жанын да жеңіске арнады. Қазақстандықтар алғашқы минутында батыс шекарада жаумен шайқасқа қатысқандардың арасында да, Берлинде Рейхстаг үйіне шабуыл жасағандардың арасында да, басқалармен қатар Брест қорғанын қорғағандардың қатарында да бар еді. Мыңдаған кеңес жауынгері мен офицерлерінің табандылығы мен ерлігіне қарамастан соғыс алғашқыда қайғылы жағдайда өрістеді.соғыстың алғашқы айларында ауыр жеңіліске ұшырауымыздың себебі көп еді. Біріншіден, 12 мемлекетті басып алған және 14 одақтасы болған жаудың күші басым еді. Алайда 1941 жылғы жеңілістің себебі, жаудың күші ғана емес, сонымеен бірге кеңес басшылығының есебінен жаңылуынан болды. КСРО соғысқа одақтастарсыз кірді. Соғыс қимылдарының басталуына дейін армия қатары толықтырылып, қайта құрылып, қаруландырылмаған болатын. Оның жауынгерлік даярлық дәрежесі мен тәртібі 1937-1938жылдардағы жазалаудан кейін төмен еді. Осының бәрінің салдарынан Кеңес әскерлері бірсыпыра жеңілістерге, адам күші мен техникасы жағынан көп шығынға ұшырады.

        Ел басына қиын-қыстау күн туған Ұлы Отан соғысының отты жылдарында көп ұлтты совет халқы мен жеке бас тағдырын ойлап, бас сауғаламады. Бәрінің мақсаты –қасиетті жерімізді қасық қаны қалғанша қорғап, жеңіс күнін жақындату болды. Партияның шақыруымен бүкіл еліміз өз жұмысын соғыс жағдайына лайықтап, «Бәрі де майдан үшін, бәрі де Жеңіс үшін» деген ұранмен жауды жеңу жолына бағындырды. Әйелдер мен балалар  еңбек майданында аянбай еңбек етті. Қазақ халқының жүз мыңдаған ұлдар мен қыздары Отан соғысы майданында еліміздің баксқа ұлт өкілдерімен бірге неміс фашистерін талқандау ұрыстарында шайқасып жүргенде тылдағы қыз-келіншек, аналарымыз ерен еңбектің үлгісін көрсетті. Біздің алдымызда қиындықты жеңе білген, ар –намысты биік ұстаған аға-ұрпақ өкілдері бар, олар бізге-өнеге. Отан үшін өмірін қиған ерлеріміздің ерлігі бүгінгі жас ұрпақ есінен шығармақ емес. Өткеніміз ұмытылмақ емес.

     «Ауылына қарап, азаматын таны» дейме қазақ?! Ерлігі үлгі болар аталарымыздың бірі –Мүсали Мұқаш. Ол кісінің кіші  ұлы –Ермек аға, біздің үй арасында үй жоқ көршіміз. Біз олармен жақын туыстан артық араласамыз. Ермек аға әкесінің соғыста болғанын кішкене кезімде айтқан болатын. Сол әңгіме жадымда қалып, қайдан есіме түскенін қайдам, кейіннен Мұқаш ата туралы толығырақ білгім келіп, атаның естеліктері туралы сұрадым. Менің қызығушылығымды оятқысы келді ме, Ермек аға маған ол кісінің ескі фото альбомы мен жұлым-жұлымы шыққан бір бума ескі қағаздарды қолыма ұстатты. Үйге асыға жетіп, ақтара бастадым. Орысша жазылыпты.

      Мүсалиев Мұқаш 1916 жылы бұрынғы Семей облысы Үржар ауданы Егінсу ауылында дүниеге келген екен. Әкесі Сейфуллин Мүсали – кедей шаруаның отбасынан шыққан. Отбасында жеті ұл. Ең үлкені Мұқаш ата. Екінші ұлы Мұхамедияр Ұлы Отан соғысына кеткеннен оралмаған. Соғыста «Қызыл кітапқа» тіркеліп, Украинада жерленген. Үшінші ұлы Мұқамеш тылда еңбек еткен. Шешесі Сейфуллин Чахан Бөпетайқызы. Олар өмір бойы байлардың қол астында жұмыс істеген. Мұқаш атаның өз әйелі Танысбаева Жаңылхан Байқонаққызы, қазір- 86 жаста апамыз да соғыстың қиын кезеңдерінде қол қусырып отырмай, тылда еңбек еткен.  Апамыздың басынан кешкендерін тыңдап қайран қалдым. «Ол кезде қазіргі кездегідей техника деген жоқ, шөп, астықты өгіз арбамен тасып-ақ планды орындайтынбыз. Күндіз-түні еңбек ететінбіз. Аштықты да көрдік. Нан жеу деген ол кезде өңіміз тұрмақ, түсімізге де кірмейтін. Сонда да шаршау дегенді білмей, әндетіп, өлеңдетіп жүріп жұмыс істейтінбіз , деді Жаңылхан апа әңгімесінде».   Естеліктерін оқып, альбомдарын көріп отырсам , сол Мұқаш атамыз әлемге әйгілі екі соғысты да басынан кешіріпті. 1938 жылдың 19 қыркүйегінде әскерге шақырылады. 1939 жылдың 30 қарашасынан 1940 жылдың 14 наурызына дейін Фин соғысына, 1940жылдан 1945 жылға дейін Ұлы Отан  соғысына қатысады. Фин соғысында әскери тапсырманы ойдағыдай орындағаны үшін марапатталған. 1941 жылы Сталинград түбіндегі шайқаста үш жүз мың неміс әскерін қоршауға алып, ойсырата соққы берген. Осы шайқаста Мұқаш атамыз Кеңес Одағының маршалы В.И.Чуйковтың қарамағындағы 62-ші армияның қатарында болған. 1943 жылдың жазында Курс-Орловск шайқасында жолдас Смирновтың қарамағындағы екінші мото атқыштар бригадасының қарулы күштері неміс басқыншыларына жойқын соққы беріп, беттерін қайтарған. Мұқаш ата соғыс жылдарында бөлімше командирі, топ есеп бастығы қызметтерін атқарған. Әскери шені-сержант. Батыл да қайсар атамыз осы сұм соғыста бірнеше жарақат алған. Медициналық құжатындағы анықтамаларында 1943 жылдың  14 тамызында сол жақ кеудеден, оң жақ басынан оқ жарықшақтарынан жарақат алған, белдің жұмсақ еттеріне зақым келген. Сонымен қатар желкесі, қолдың жұмсақ еттері жарақаттанған.

     Ұлы Отан соғысына бастан аяқ қатысқан атамыз Ұлы Жеңісті Будапештте  қарсы алады. Қаншама қиын кезеңдерді басынан өткеріп, бәрін артқа тастап, елге аман-есен оралған соң, бейбіт еңбекке араласады. Мамандығы – зоотехник. Бірақ атамыз бұл ғана емес, талай жұмыстарды қоса атқарған. Мұқаш атаны осы қажырлы еңбегіне, жазған естеліктеріне қарап «Ауыл академигі» деуге де болады. Артына естелік, күнделік сияқты құнды деректер жазып қалдырған. Онда соғыс даласы, майдандас достарының ерлігі жазылған. Сонымен қатар Қазақстанда алғаш құрылған совхоздардың бірі болған - Тасбұлақ совхозының іргетасын қаласқан. Кәсіподақ ұйымының Төрағасы қызметін атқарды. Осы совхозда қанша мал басы, қанша адам, соғысқа қанша азамат аттанды, қаншасы аман оралды- бәрін аты-жөнімен тіркеп отырыпты. Тіпті сайлауға да ат салыса қатысып, халыққа да үндеу беріп отырған. Мұқаш атамыз ьен Жаңылхан апамыз 6 ұл, 2 қызды асырап жеткізді. Қазір ұлдары әкесінің жолын қуып, жер өңдеп, егін егіп, ауыл халқын астықпен қамтамасыз етіп отырған азаматтардың бірі. Мусалиев Мұқаш 1990 жылдың 12 тамызында қайтыс болып, жан-жақтан келген халықтың, әкімшіліктің құрметтеуімен жерленген. Ерен ерлік көрсетіп, қажымай, талмай еңбек еткен, орден – медальдардың иегері Мұқаш атамыздың атына ауылымызда көше берілді. Осындай танымы мол тарихи деректерді біз сияқты ұрпағы сақтап, сағына еске алып, соғыс пен еңбектегі ерліктеріне құрметпен қарайтынына кәміл сенеміз. Біз, келешек ұрпақ, жалғыз Мұқаш атамызға ғана емес, Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін құрмет тұтып, еске алып, әруақтарына әрқашанда бас иеміз. Кір жуып, кіндік кескен жері үшін, аялап, әлпештеп өсірген елі үшін, жанған отқа түсіп, жалын кешкен ер-азаматтар естен шықпайды. Олар тарихта өшпес із қалдырды.


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама