- 16 нау. 2023 00:00
- 284
Отбасым менің байлығым
Отбасым байлығым Отан отбасынан басталады дегендей өмірдің басы осы отбасынан басталады. Бәріміздің барымыз бен байлығымыз да осы отбасымыз. Ата-анамыздың аяулы алақаны мен бауырларымыздың қамқорлығы осының бәрі байлық емей немене. Көп балалы отбасы мен бір екі баласы бар отбасының да айырмашылығы да бар деп ойлаймын. Көп балалы отбасындағы балалар көпшіл, бауырмал және жан ашыр болады. Ал бір баласы ғана болса ол көбірек өзімшілдікке жақын болады. Біздің қазақ елінде батыр аналарымызда көп. Оларды қазір Наградталған Аналар деп атайды. Қазіргі жаңа Қазақстанда ондай Аналарға да балаларға да көп көмек көрсетілуде. Үлкен отбасында өскен бір баланың өзі ертеңгі Қазақстанымыздың өрлеуіне үлкен үлес қостанына мен сенемін. Жанұяда көрген өнегелі тәрбиесіде, адамгершілігіде және көп жақсы қасиеттерінің бәрі алдағы өміріне көп ықпал етеді. Еліміздің келешегі мен жетістігі осы өсіп келе жатқан жаңа ұрпақтардың қолында. Әлі талай жақсы өзгерістер мен жарқын болашақ, елімізді күтіп тұрғанына мен кәміл сенімдімін.
Орындаған 1 курс дінтану мамандығының студенті Абулдажан Аружан Нурбекқызы
Жетекші аға оқытушы Тунгатова Ұлжан