Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 3 күн бұрын)
Өткенді пысықтау
Ашық сабақ
Математика

Сабақтың тақырыбы: Өткенді пысықтау
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Оқушылардың өткен сабақтардан алған білімдерін пысықтап, қайталауға арналған есептер шығару.
Дамытушылығы: Оқушылардың логикалық ойлау, есептеу қабілеттерін дамыту. Тиянақты жауап
беруді талап ету.
Тәрбиелілігі: Оқушыларды тапқырлыққа, жылдам ойлауға, ойын қорыта білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Саяхат сабақ
Сабақтың әдісі: Пысықтау, ребус шешу, сұрақ - жауап, интерактивті.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд.

Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушыларды сабаққа дайындау:
Психологиялық дайындық
Терең ғылым сананың
Тегі деп ой салатын
Өте жақсы оқимыз,
Математика сабағын - дей отырып сабағымызды бастаймыз.
- Балалар бүгін біз математика бойынша дәстүрлі емес саяхат сабағын өткіземіз.
Яғни сабағымызда ауылдарды аралап, саяхат жасаймыз.
- Балалар біздің селомыз қалай аталады?
- Дамбы
- Біз қалаға бару үшін аялдамаға шығып көлік күтеміз?
- Ол көлік Дамбы селосынан бастау алып шығады. Дамбыдан Балықшыға жету үшін автобусқа отырамыз. Яғни біздің жүргізушімізбен әр аялдамаға жетуіміз керек. Бірақ автобус жүргізушісі бізге мынандай шарт қойып отыр: «үйге берілген тапсырманы орындағандар ғана автобусқа отырады»- дейді.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру
№5
Шарты: Дана - 9рет
Майра -? 3 рет кем
Шешуі: 9 - 3=6
Жауабы: Майра - 6рет.
- Барлығымыз тапсырманы орындадық па?
- Олай болса балалар, сендерге сәттілік.
«Амангелді» аялдамасына жету үшін тағыда мына тапсырманы орындап жіберейік. Яғни әрбір нұсқа бойынша берілген сандарды қосу арқылы қосылғыштардың мәнін табамыз.
- Қосылғыштардың мәнін табу арқылы қандай сөз шықты. Оқып жіберейік?
- Өткенді пысықтау
- Олай болса дәптерімізді ашып, бүгінгі күннің жадын, тақырыбымыз Өткенді пысықтау жазайық.

ІІІ. Оқулықпен жұмыс. №2
а) --------------------------------------------ә)
Шарты: Барлығы – 11 о ----------- Шарты: Қосалқы – 5 о?
Негізгі – 6 о --------------------------- Негізгі - 6
Қосалқы -?
Шешуі: 11 – 6 =5 --------------------- Шешуі: 5 + 6 = 11
Жауабы: Қосалқы – 5о ------------- Жауабы: Барлығы – 11 о

- ауылымыз қандай ауыл:
- Құрманғазы
- Яғни Құрманғазы аялдамасына жетейік
Математикалық диктант
• 9 бен 3 сандарының қосындысы
• 9 бен 5 сандарының айырмасы
• 8 бен 8 сандарының қосындысы
• 60 пен 10 сандарының айырмасы
• 5 пен 5 сандарының қосындысы
• 9 пен 6 сандарының қосындысы
• 18 пен 9 сандарының айырмасы

ІV«Қызылбалық» аялдамасына жетейік.
Енді келесі оқулығымыздағы тапсырманы жалғастырайық.

V Сергіту сәті

VІ «Жаңаталап» аялдамасына жетейік.
№4
Аулада 12 бала ойнап жүр. Оның ұлдар, ал қалғандары – қыз балалар. Неше қыз бала ойнап жүр?

VI «Зарослый» аялдамасына жетейік
№6 Салыстыр
9 * 12 – 5
6 + 9 * 3 + 7
17 – 8 * 9 + 6
14 – 8 * 16 – 7
14 – 8 * 12 – 5
13 – 4 * 11 – 2
6 + 8 * 7 + 9
18 – 8 * 15 – 5
7 + 8 * 8 + 8

VII «Көкарна» аялдамасына жетейік.
Суреттегі үшбұрышты табу

VII «Балықшы» аялдамасына жетейік
Ребусты шешу

Сабақты қорытындылау
«Тізбек» мысалдарды шешу.
+5 +3 +2
- 4 - 2 - 5

Қорытынды:
Біздер бүгін баламыз,
Өсіп алға барамыз.
2030 жылдары
Бізде азамат боламыз.

Біздің міндетіміз: оқу, білім алу, еңбек ету, тәртіпті, адал болу.
Үйге тапсырма
Бағалау.

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама