Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 4 күн бұрын)
Өткенді пысықтау
Қазақ тілі 4 - сынып
Тақырыбы: Өткенді пысықтау
Мақсаты: а/ Өткен сабақты пысықтау мақсатында оқушыларды топқа бөліп жарыстыру. Біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздердің ережесін еске түсіру, тапсырмалар орындау.
ә/ Ойлауын дамыту, сөздік қорларын байыту.
б/ Сауатты жазуға дағдыландыру.
Түрі: сайыс

Барысы
1. Ұйымдастыру
2. Топтардың атын анықтау. (Біріккен сөздер, қос сөздер, қысқарған сөздер тобы).
3. Әр топ өз тобына байланысты ережені айту.
4. Әр топ өз атына қатысты сөздер жазу.
5. 3 - топқа да біріккен сөздерге байланысты тапсырма беріледі.
1/Сөздерді толықтырып жаз. Бұл қандай сөздер?
______қорған, сайқы_________, ғалам_________, еңбек________, тас_____.

2/ Сөздерді толықтырып жаз. Бұл қандай сөздер?
Жеті_______, _______бақан, шаң______,________бақа,________мұздақ.

3/Сөздерді толықтырып жаз. Бұл қандай сөздер?
______қу, ықшам______, _______тау,________қосақ, зіл_______.

6. 3 - топқа да қос сөздерге байланысты тапсырма беріледі.
1/Сөздердің құрамындағы әріптердің орнын өзгерту арқылы басқа сөз жаса. Бұл қандай сөздер?
Тарс - тұрс, пыс - пыс, лып - лып, қарш - құрш.
2/Сөздердің құрамындағы әріптердің орнын өзгерту арқылы басқа сөз жаса. Бұл қандай сөздер?
Тық - тық, ырс - ырс, шарқ - шұрқ, пыс - пыс.
3 / Сөздердің құрамындағы әріптердің орнын өзгерту арқылы басқа сөз жаса. Бұл қандай сөздер?
Сарт - сұрт, сып - сып, ылп - ылп, сыр - сыр

7. 3 - топқа да қысқарған сөздерге байланысты тапсырма беріледі.
1/Мына өлшем бірліктерін өсу ретімен толық жаз.
М, мм, см, км, дм
2/Мына өлшем бірліктерін өсу ретімен толық жаз
Т, г, кг, ц, мг
3/Масса, ұзындық өлшем бірліктерін ажыратып толық жаз.
Дм, т, км, кг, мм, г.

8. 3 - топқа да кезекпен лездеме оқылады.
1/Екі қазанның бірі сатылып кеткенде, неше қазан қалады?
Баққаным әрі құс, әрі түйе.
Қалай шешен боласың?
Қоңыраудың даусы қалай шығады?
Жаңбыр басылған соң аспанда көрінеді.

2/Өзі тәтті, өзі мұздай.
Екі сөз бірігіп қалайша сайрады?
Найзағай қалай ойнайды?
Жиегі көгерген кілем қайдан көрінген?
Адам қорыққанда не істейді?

3/Суы да ала, тауы да ала.
Өте жай жүреді.
Онымен шаң тазалайды.
Балаға қамқорлық жасайды.
Адамдықтың белгісі.
Сайысты аяқтау, жеңген топты анықтау.
Сабақты қорыту

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама