Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 5 күн бұрын)
Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау
Алматы облысы,
Талдықорған қаласы,
№16 орта мектеп - гимназиясы
Ботантаева Кулшат Алимбаевна

Физика 8 сынып
Сабақтың тақырыбы: Өткізгіштерді тізбектей және параллель жалғау.
Сабақтың мақсаты:
Дамытушылық: Оқушыларды өзара жарыстыра отырып, ойларын жинақтай білуге үйрету. Анықтамалар бойынша физикалық шамалардың формуласын тұжырымдай білуге оны түрлендіруге өз бетімен қорытынды жасауға үйрету.
Тәрбиелік: Оқушылардың сабаққа қызығуын, ынтасын ізденімпаздық, белсенділік қабілетін дамыту, шыдамдылыққа, еңбекке тәрбиелеу.
Білімділік: Оқушылардың білім дағдысын қалыптастыру. Өзіндік іс – әрекетін дамыта отырып, оқушының өзі жұмыс жасауына жағдай жасау.
Сабақтың типі: аралас сабақ
Оқыту әдістері: Ой туғызатын сұрақтар беру, оқушының топтық жұмысын ұйымдастыру. Схема арқылы тізбек құрастырып тәжірибе жасап алған білімін бекіту, сызбалар. Оқулықпен, тест сұрақтарымен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: Құрылымды сызбалар, құралдар (кедергісі белгілі резисторлар, электр шамдары, кілт, амперметр, вольтметр, тоқ көзі жалғағыш сымдар)

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі.
1 - тапсырма. Ток, кернеу, кедергі, меншікті кедергі аттары, өлшем бірлігі, шаманың белгіленуі, шаманың аты жазылған жасырын парақшалар арқылы топтарға бөлу.
Өтілген тақырыпты пысықтау мақсатында жадында қалған білімдері мен физикалық шамаларды қалай меңгергендігін білу мақсатында топ аттарына байланысты пікірлерін постерге салу /3мин/
Топтың ішінен
1 топ. «ток» тобы
Электр тогы дегеніміз не? Формуласын жазып көрсетіңдер.
2 топ. «кернеу» тобы
Кернеу дегеніміз не? Формуласын жазып көрсетіңдер.
3 топ. «кедергі» тобы
Кедергі дегеніміз не? Формуласын жазып көрсетіңдер
Балалар екі жұлдыз бір тілек арқылы бағалап жіберейік

2 - тапсырма Семантикалық картаны толтыру (2 мин)
Сұрақ пен дұрыс жауаптың қиылысына «+» таңбасын қойыңыз. (екі сұрақтың жауабы біреу болуы мүмкін)

Слайд көрсету арқылы сабақтың мақсатын айқындап алу.
Электр тогын қандай жерлерде пайдаланамыз? (завод, фабрика, үйде, т. б.)
Мысалы, шыршаға ілетін шамшырақ оны бәрің білесіңдер, егер оның бір бөлігінде ақау болса, қалған бөлігі қайтер еді?
Күнделікті өмірде өткізгіштерді жалғаудың қай түрі тиімді?

3 - тапсырма Кім шапшаң? Әр топқа құрылғылар беріледі де, сызба бойынша үш топ тізбек құрастырады. (15 минут)
1 - топ Ток көзінен, амперметрден, кілттен және кернеуін өлшейтін вольтметрден және шамнан тұратын сұлба сызу.
2 - топ Ток көзінен, амперметрден, кілттен және ток көзінің кернеуін өлшейтін вольтметрден және екі шамнан тұратын сұлба сызу.
3 - топ Ток көзінен, амперметрден, кілттен, үш шамнан және шамның кернеуін өлшейтін вольтметрден тұратын сұлба сызу.
4 - топ Ток көзінен, амперметрден, кілттен және ток көзінің кернеуін өлшейтін вольтметрден тұратын сұлба сызу.

Топтарды бас бармақ арқылы бағалайық

4 - тапсырма. Бетпе - бет: «Сен маған, мен саған» т0рт топ бір - біріне сұрақ қояды.
Диалог. (5 минут)
- өткізгіштерді тізбектей қосқанда барлық өткізгіштерде бірдей болатын қандай шама?
- өткізгіштерді параллель қосқанда барлық өткізгіштерде бірдей болатын қандай шама?
- тізбектің учаскесі үшін Ом заңы қандай?
- өткізгіш кедергісі дегеніміз не, белгіленуі, өлшем бірлігі?

5 - тапсырма. Миға шабуыл (10 минут)
1 - топ Егер R1 =120 Ом кедергі арқылы 6 А ток өтіп жатса, R2 = 80 Ом кедергі арқылы өтіп жатқан токты табу керек.
Берілгені: Шешуі:

Толық нұсқасын жүктеу

You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама