Соңғы жаңарту

(Өзгертілген уақыты 2 күн бұрын)
Ой, дүние-ай! (I нұсқа)

Бежеңнің Алтай тауындай абыройын көре алмаған күндес жаулары, керей ішінен Бежеңді жоғалтып, елін бодан етуді ерте ойластырған. Сонымен бір съезде Бейсенбіге жасырын қастық жасалып, мекені Буыршынға әрең жетіпті дейтін аңыз бар. Хал үстінде жатқан күйші арғы-бергі жағдайды ойлап, сүйегін иенге, ешкім білмес жерге жасырып жерлеуді тапсырып өсиет айтқан.

Ажал қармаған азапқа қайрат көрсетіп, күй шабытын бойға жинап, елі мен жеріне, қормал дос-жарандарына өткен өмір, тәтті армандарына, ұрпақтарына қош айтып, «ой, дүние-ай» деген күйін шығарған. Осыдан соң пәни жалғанның жарығымен мәңгілік қош айтысқан.

 


You Might Also Like

Жаңалықтар

Жарнама